Нажмите "Enter", чтобы перейти к контенту

Хабарландыру!

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕСІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ 2013-2014  ЖАҢА  ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУҒА 

ҚАБЫЛДАЙДЫ!

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім, 

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

(Абай Құнанбай)

                                                                      

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014-2015 оқу жылына Сарыағаш ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге талапкерлерді оқуға қабылдайды.

Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі басшылығымен жүргізіледі. Бітіруші түлектерге исламтану мамандығы бойынша төмендегідей біліктіліктер беріледі:

01 «ИМАМ-ХАТИБ»

02 «ИСЛАМ НЕГІЗДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМІ»

Оқу түрі күндізгі. Техникалық және кәсіптік білім берудің мерзімі –                  2 жыл 10 ай

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Мемлекеттік лицензиясы: № 0142687 Серия АБ

Медресе оқу ғимараттары, кітапхана, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медресе студенттеріне компьютер дәрісханалары мен кең лекциялық аудиториялар, спорт алаңы және арнайы салынған мешіт қызмет көрсетеді.

Медреседе жоғары тәжірбиелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

 

 

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ:

Медресе студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

Ер балалар бөлімі

—         Медресе директоры атына өтініш.

—         Жергілікті имамдардың берген ұсынысы.

—         Өмірбаян.

—         Орта білімі туралы аттестаты. (түпнұсқасы)

—         086, 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама.  + (флюра)

—         Психодиспансерден анықтама

—         Наркодиспансерден анықтама

—         Көлемі 3х4 сурет (6 дана) 4х6 сурет (1 дана)

—         Жеке куәліктің көшірмесі.

—         Әскери билеті немесе әскерге шақыру туралы куәлігі.

—         Тұрғылықты жерден анықтама.

—         Сотталмағандығы жөнінде анықтама.

—         Конверт.

—         Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы. (скоросшиватель)

Мекен-жайымыз: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Аппаз ата көшесі №1

Құжаттарды қабылдау: қазірден басталады.   

Қабылдау емтиханы екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақ тілінен

 2) Емтихан  13-14. 08.2014 жылы  ҚМДБ-нан арнайы комиссия  мүшелерімен сұхбат түрінде. 

Байланыс телефондары: 8(725 37) 5 52 92,

Email-  kazmedrese@gmail.com

 

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ:

Қыздар бөлімі

Медресе студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

—         Медресе директоры атына өтініш.

—         Өмірбаян.

—         Орта білімі туралы аттестаты. (түпнұсқасы)

—         086, 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама. + (флюра)  

—         Психодиспансерден анықтама

—         Наркодиспансерден анықтама

—         Көлемі 3х4 сурет (6 дана) 4х6 сурет (1 дана)

—         Жеке куәліктің көшірмесі.

—         Тұрғылықты жерден анықтама.

—         Сотталмағандығы жөнінде анықтама.

—         Конверт.

—         Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы. (скоросшиватель)

Мекен-жайымыз: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Аппаз ата көшесі №1

Құжаттарды қабылдау: қазірден басталады.   

Қабылдау емтиханы екі кезеңнен тұрады:

1)  Қазақ тілінен

 2) Емтихан  13-14. 08.2014 жылы  ҚМДБ-нан арнайы комиссия  мүшелерімен сұхбат түрінде. 

Байланыс телефондары: 8(725 37) 7-08-23

Email-  kazmedrese@gmail.com

 

 

Қыздар медресесінің жаңа ғимараты

DSC_0024 DSC_0022 DSC_0013 (1)

160 комментариев

  1. Рахия Рахия

    Ассалаумағалейкум. Мен биыл Алла қаласа Сарыағаш медресесіне тапсырмақшы едім. Емтихан қай пәннен болады? Құран, фикһ?

    • Сарыағаш медресесі Сарыағаш медресесі

      уа алайкум ассалам! Қыздар бөліміне әзірге белгісіз негізі құран, сира, қазақ тілі, қазақстан тарихы осы пәндерден дайындалған артықтық етпейді,сосын сұхбаттасу болады

      • Асма Асма

        Ассалямугалейкум 5-6 жастағы қыздарды қабылдаймыз ба?

      • Бейбіт Бейбіт

        Ассаламу алайкум уа раһматуоллаһи уа баракатуһ!
        қыздарды 9- сыныптан қабылдай ма?

  2. Әйкерім Әйкерім

    Ассалямуагалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Медресеге тусушілерге жас мөлшері шектелген бе? Неше жасқа дейін қабылдайсыздар? Біз куйеуіміз екеуміз ЖОО бітіргенбіз, жасымыз 25-те. Медреседе білім алуга мүмкіндігіміз бар ма?

    • Уа алайкум ассалам, медресеге оқуға болады сіз қыздар медресесінде, күйеуіңіз ерлер медресесінде тек сауат ашу болса ол да болады. Медресеміз есігі әрқашан да ашық.

  3. Ulbosin Ulbosin

    Ассаламу алайкум! Мен ЖОО — нын биыл бітіремін. Алла бұйыртса осы жылы медреседе оқығым келеді.Басталатын және міндетті түрде емтихан тапсыратын пәндерін жазып жіберсеңіздер екен. Дипломның түпнұсқасыда қажетпе, қай уақытта барып құжаттарды тапсыруға болады?

  4. Рахия Рахия

    Aссаламуалейкум. Менің сұрайын дегенім: егер дипломмен тапсыратын болсақ, универде өтілген пәндерді қайта өтеміз бе, алде ол пәндерден босатыламыз ба?

    • Уа алайкум ассалам! Диплом болса құжаттар тапсырғанда дипломның түпнұсқасын алып келесіз аттестаттыда екеуінде, сосын дүние пәндерінен болады олардан босатылмайсыздар жай өтіліп кете береді негізгі пәндер діни болады.

  5. Жанарбек Жанарбек

    Әссалямуғәликум! Менің жасым 26 да, үйленбегенмін. маған сіздердің медіреселеріңізде оқуыма бола ма?

    • уа алейкум ассалам, біздің медреседе 3 жыл оқу үшін 25-26 жасатағы кісілер келуге болады. Ал егер уақытша оқу үшін арнайы сауат ашу курсы бар, ол үшін жас шектелмейді.

  6. Dinara Dinara

    ассаламуалейкум! оку акысы канша? егер Кураннан, сирадан емтихан болатын болса, билмейтин адам калай тапсырады?

    • Уа алайкум ассалам! Оқу ақысыз тегін, Құраннан ,сирадан білмесе осы кезден медресемізге келіп дайындалуға болады, дайындық курсымыз бар, жалпы алғанда оқу тегін дайындық курсы да тегін тек оқысаңыздар болды.

  7. тілекші тілекші

    Ассалаумағалейкум.Мен биыл осы медресеге түскім келеді алайда емтиханнан өтпей қалса не болады?

    • уа алайкум ассалам! Аллаһ қаласа емтиханнан өтіп кетіңіз дейміз, өтпей қалсаңыз келесі жаңа оқу жылына дайындаласыз дайындық курсы жатын орын тамақ бәрі тегін

  8. Рахия Рахия

    Ассаламу алейкум! Документтерді қай кезге дейін тапсыруға болады? Тамыздың 10-15-теріне тапсырсам үлгеремін бе?

  9. уа алайкум ассалам! Әрине болады, алдын ала келсеңіздер тіптен жақсы, жатын орын тамақ бәрі тегін емтиханға дайындаулуға үлкен мүмкіндік бар еді

  10. Ақерке Ақерке

    ассаламу алейкум! мен 9 сыныпты битирдим жасым 15 те мени медресеге кабылдайды ма?

    • Уа алайкум ассалам! Дайындық курсында оқып осындағы С. Майлықожа атындағы №9 орта мектепте қалған оқу жылдарын тәмәмдап медресемізге түсесіз.

  11. Бекарыс Бекарыс

    жасым 19-да мкдресеге 9 сыныптын куәлігімен түсе аламынба

    • уа алайкум ассалам медресеміз жалпы орта мектепті бітіргендігі жөніндегі куәләндіратын аттестат пен қабылдайды яғни 11 сыныпты бітірген болуы керек, сауат ашу курсында оқимын десеіңіз болады

  12. Акнур Акнур

    ассаламу алейкум! Медресені бітіргеннен кейн Египетке немесе Сауд-Арабиясына жолдамамен әрі қарай дәріс алуыма жіберема?

  13. Zhanara Zhanara

    Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух, мен Сарыагаш кыздар медресесине тусеин дегенмин, коктемде Шымкент каласына барып кайткам медресеге барып, отиништи сол кезде медресе бастагынынын атына мешиттен алгам Бейбит Мирзагалиевтын атына сол отинишпен келе берсем бола ма алде баска Сарыагаш медресесинин директорынын отинишин алуым керек пе?

    • уа алайкум ассалам уа раһматуллоһи уа барокатуһ! Өтінішті мдресе директорының атына жазасыз оны осында оқуға келгенде жазасыз

  14. Акнур Акнур

    ассаламу алейкум! Медресені бітіргеннен кейн Египетке немесе Сауд-Арабиясына жолдамамен әрі қарай дәріс алуыма жіберема?

  15. Меруерт Меруерт

    Салеметсыз..менын сауалым :мен биыл 11 сыныпка кырушем. Медреседе оку ойымда бар еди. Мектепти осында тамамдап барганым жонбе ? Алде сонда оку мумкиндиги барма? Маган анык малимет беригизши

    • ассаламу алайкум Меруерт, қыздарды 9 сыныптан бастап ала береміз яғни 11 сыныпты осында оқып оқуға дайындалуға болады келе беріңіз

  16. Айдана Айдана

    Саламатсыз. Мен қытайдан жақында арнайы медреседе оку үшін келіп едім. Құжат жумыстары бітпей жатыр ;тұракты тіркеу , азаматтық міндетті түрде болу шарт па? Енді ғана 9 бітіргем. Не істесем болады ?

  17. АкнурАктобе АкнурАктобе

    Ассаляму алейкум,дистанционно онлайн сабактар алуга болама?? Биыл тускен медресе шакірттері нени отсе соны сайтка жариялап дегендей, тапсырма алып онлайн турде жауап жазып тапсырсам, ата-анам дінге келе алмай жатыр, намаз орамалга шакка кондирдим, али де сөз естип журген жайым бар, медресеге тіптен жібермес

    • уа алайкум ассалам! Әзірге бізде ондай мүмкіндік болмай тұр Аллаһ қаласа алдағы уақытта онлайн скайп арқылы тікелей қосуға әрекет жасаймыз. Аллаһ ата — анаңыздың жүректеріне иман берсін

  18. Нұрұя Нұрұя

    Ассаламу алейкум! Сауат ашу курсында оку ушинде жогарыдагы кужаттарды миндетти турде тапсыру кажет пе? жалпы сауат ашу курсынын мерзимин айтсаныз… Алла разы болсын!

    • уа алайкум ассалам! Сауат ашу курсына жылдың кез келген мерзімінде келуге болады ол үшін өзіңізбен бірге
      1) Жеке куәлік;
      2) Тұрғылықты жерден анықтама;
      3) Мед анықтама форма №86

  19. Zulfiya Zulfiya

    Ассаламу алайкум! Сіздерге сауат ашу курсына және араб тілін, тәжуид үйрену үшін баруға болама?

    • Уа алайкум ассалам! Әрине болады жылдың кез келген мерзімінде сауат ашу курсына келіп оқуыңызға болады. Ол үшін өзіңізбен төмендегі құжаттарды алып келесіз:
      1. Жеке куәлік
      2. №86 Мед анықтама
      3. Тұрғылықты жерден анықтама

  20. Zulfiya Zulfiya

    АльхамдуЛилях,АЛЛАХ разы болсын сіздерге,кешірініз кішкене түсінбей отырмын 3 құжат (Тұрғылықты жерден анықтама)ол қандай болу керек? тәжуид сабақты айел адам береді ма?

    Ассаламу алайкум.

    • Ассаламу алайкум!
      1) Справка место жительство (Тұрғылықты жерден анықтама)
      2) №86 мед справка
      3) Удоставрение личности (жеке куәлік)
      Жалпы сбақты әелдер береді ол жаққа еркектердің қатысы жоқ керек болса еркектерді көрмейсіз

  21. Zulfiya Zulfiya

    Ассаламу алайкум!

    АЛЛАХ разы болсын жауаптарынызға, ИншАЛЛАХ Қазан айынын 10да сіздерге қарай жол жүргелі отырмын.

    Ассаламу алайкум!

  22. bagdat bagdat

    Assalamualeikum.men okigim keledi sizderge kazir okuga kabildanuim mumkin alde kewpe.janede sizder 9wi sinip atestatimen kabildaiszdarma? Allah sizderden razi bolsn.

    • уа алайкум ассалам! Бізде 9 сыныпты бітіргендігі жөніндегі куәлікпен оқи алмайсыз, тек сауат ашу курсында ғана оқисыз, медресеге 11 жылдық аттестатпен ғана курсқа түсе аласыз, қабылдау емтиханы тамыз айында өтіп кетті енді кеш болды сауат ашамын десеңіз есігіміз ашық қанша уақыт оқимын десеңізде тамақ жатын орын тегін тек ілім алсаңыз болды.

  23. bagdat bagdat

    Assalamualeikum.Allah razi bolsn.sauat awu kursnda men kandai blim ala alam. arap tilin uirene alaminba ?

  24. bagdat bagdat

    Allah razi bolsn inwaallah sizderge wakirt bolp barp kalam.kalam.

  25. kanat kanat

    Ассаламу алайкум! бір айлық немесе жарты айлық бос уақытты пайдалана отрып сіздердің медресеге барып сауат ашып қайтуга болама?

  26. Madina Madina

    Ассаламу алейкум, Егер бір жоғарғы білімім бар болса (техникалық), сіздегі медреседе Исламтану мамандығын менгеріп, диплом алу үшін қанша жыл оқуым керек? Қандаи емтихан, және маған да барлығы тегін бола ма?

  27. Madina Madina

    Жане сауат ашу курсында қандай пәндер оқытылады, сауат ашу курсын бітірген соң Сауат ашу курсын бітірілген жөнінде қағаз немесе диплом беріле ме? Мен мешіттерде немесе басқа мекемелерде дінтану мұғалім болуды армандаимын…

    • Ассаламу алайкум! Сауат ашуда құран,тәжуид, араб тілі, т.б пәндер оқытылады негізі құранды араб тілінде өзі оқитындай етіп дайындау қосымша өзі оқимын десе басқада пәндердә қосып алады, сауат ашты деген қағаз беріледі.

  28. АсСалямугалейкум! Медресеге окуга неше жаска дейинги кыз балаларды кабылдайсыздар? Егер казак тили мен адебиети мамандыгы бойынша ЖОО оку орнын битирген болса, онда сол жане т.б. дуние пандерин окымай-ак коюга болады ма,тисинше дини пандерге коп конил болип дегендей…. Алде дуние пандери барине миндетти окытылады ма? Менинше, ол пандерди кайталай бергенше, дурысы дини сабактарга коп уакыт болген жон сиякты. Сурактарыма жауап берсениздер деймин. Алла разы болсын!

    • уа алайкум ассалам! Медресемізге 18- 30 жас аралығындағы қыздар қабылданады. ЖОО бітірсеңіз жақсы сол пәндерден сізге жеңіл болары анық бірақ сабақ кестесінде болғандығы себепті сабаққа қатысасыз.

  29. тагы да cурайын дегеним: жасы 28-деги кызды медреседе 3 жыл окуга кабылдайсыз ба? Алде тым кеш пе? Кеш болса, сауат ашу курсында 1 жылдын шамасындай окуына болады ма?

  30. АсСалямугалейкум! Сизге тек сауат ашу курсына баратын болсак, бирнеше айга, жатакханада туруга болады ма, егер болса, тегин бе алде акылы ма? Алде тек медресе шакириттерине туруга руксат бересиздер ме?

    Тигин шеберханасы бар дегенди окып едим медресе туралы малиметтен, онда курска окуга баргандар тигин тигуди уйренуине болады ма? Алде тек медресе шакирттерине арналган ба?

    • Уа алайкум ассалам! Сауат ашу курсына есігіміз ашық жатахана тамақ тегін, бірнеше айға келуге болады ол үшін өзіңізбен бірге төмендегі құжаттарды алып келесіз
      1. Жеке куәлік
      2.№86 мед анықтама
      3.Мекен жай анықтамасы

      әзірге тігін жағы үйретілмейді

  31. АсСалямугалейкум! Сизге сауат ашу курсына барсам бираз уакытка, жатакханада тегин немесе акы толеп туруыма болады ма? Сондай-ак, тигин шеберхананыз бар деп естигенмин, сонда дарис алып, ис тигуди уйренуге болады ма? Алде бул игиликтин барлыгы тек медресе шакирттери ушин бе?

  32. Хадиша Хадиша

    ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!сауат ашу курси канша уакыт?кандай сабактар болады?таджуйд,акида,фикh,сира бола ма?араб граматикасын уйретесиздер ма?Аллах разы болсын сиздерге рахмет!

  33. Ассаламуалейкум! Сіздерде 1 жыл окып Нур Мубарак университетіне тусуге мумкиндик бар ма, алде битиргесин барып жалгастыру керек па? Осы жыл медресеге кабылдау емтихандары кай айда болады? Куран Фихктан накты нени билип барк керек? Алла разы болсын!

  34. aknur aknur

    Assalamu aleikum. nauryz aiynan bastap baryp sizderd daiyndyk kyrsta ma okysam bola ma?

    • уа аалйкум ассалам! Әрине болады. Ол үшін өзіңізбен бірге төмендегі құжаттарды алып келіңіз:
      1) Жеке куәлік
      2)Мекен жай анықтамасы
      3)№86 мед анықтама

  35. Rahmet, Allah razy bolsyn! Allah barwanwyzga eki dunie bakytyn bersin! Assalamu aleikum!

  36. Assalamu aleikum! Mende bir surak bar edi. inwallah medresege daiyndyk kursyna barsam ol jakta kitaptar jetkilikti me, alde satyp alu kerek bolgandary bar ma? jane ol jakta arnaiy forma satyp ala ma?

    • Уа алайкум ассалам! Кітаптар өзімізде бар сатып алмайсыз тек жеке куәлік болса болды кітапханадан ала бересіз, форма мәселесіне келсек оны өзіңізбен ала келесіз, яғни ислами шариғатпен киінесіз баста орамал үстіңізге етек жеңі ұзын көйлек аласыз.

  37. Дуниезада Дуниезада

    Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!Алхамдулилла мен егизбин.Сынарым екеуимиз иншалла осы жылы медресеге оқуга тапсырайын дегенбиз.Қазир 9 сыныпта оқимыз.Оқуга тусуге мумкиншилик канша?Қай айда тапсыруға болады?Ауызша тапсырамыз ба?Аттестат қажет болама?

    • Уа алайкум ассалам! Оқуға түскенде сіздер осындағы мектепке орналасып сол жерде 10-11 сыныпты бітіріп шығуларыңыз керек сосын медресеге оқуға қабылданасыздар.

  38. Магрумжан Магрумжан

    Ассаламуалейкум!!! Жакында гана билдим сиздердин осындай сайт ашкандарынызды!!! Соны билип сондай катты бир куанышка боленгеним! Озим де осы медреседе 2001ж, 2002ж,2004ж сауат ашу курстарында болган едик! Иншалла сиздердин осындай бейне уагыздарыныз кобеие берсин! Абдужаппар, Абдугаппар, Абдусаттар устаздарымызга жане от басыларына, осы медресеге кызмет кылып журген устаздарга Алланын нуры жаусын!!!

    • Уа алайкум ассалам! Иә үйленгендер бар білім алудың ерте кеші жоқ келіңіздер есігіміз ашық, тек тиісті құжаттар болса болды

  39. Закир Закир

    Ассаламуғалайкум ал жазда сауат ашу курстарына 1-2 ай қатысуға болады ма?

    • Уа алайкум ассалам! Әрине болады есігіміз ашық тек құжаттар түгел болса сосын сабаққа киетін форма ақ көйлек қара шалбар

  40. Ботакоз Ботакоз

    Ассалямуъаляйкум. Аллах сиздерге береке берсин. Жазгы каникулда балаларыммен бирге барып, сиздин медреседен куран уйренгим келеди. Кызым 14те улым 6га толады иншаАллаh. Мумкин бе?

      • Ботакоз Ботакоз

        Улымды жалгыз тастап кету мумкин болмай тур. Касымда журе берсе болмай ма? Егер мумкин болса, маусым айынын 15 кезинде барсак орын бола ма? Кеш калмаймыз ба?

  41. Ержан Ержан

    Ассалаумағалейкум уа рахматуллаhу уа баракатуh!қалдарыңыз жақсы ма? мен Астанадағы «Жанғали» медресесінің 3 айлық курсын бітіп, Нұр Астанадан келген коммисияға эмтихан тапсырған болатынмын,СарыАғаш медресесіне жолдама беретінін айтты,сол жолдамамен медресеге түсіп кете аламын ба?

  42. Севара Севара

    Ассалямуалейкум! егер емтиханнан өтпей қалсам (мысалы тарих, қазақ тілі) бірақ » Сауат ашу» Қүран оқуды білем Аллаға шүкір. Мүндай жағдайда қалай болады? Қабылдауы мүмкін бе?

  43. Турсынхан Турсынхан

    ассаламуалеикум мен кызымды медресседе окытсам деп едим 6 жастан аласыздарма, болмаса каи калада 6 жастан бастап алатын кыздар медресселери бар, жауап бериниздерши отиниш менде интернетке киру мумкиндиги болмаи жатыр, 87719090517 АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН

    • Уа алайкум ассалам! Сарыағаш медресесінде 9- сыныптан бастап қабылдайды алты жастан бастап алмайды ешқандай медресе

  44. Асем Асем

    Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Менің балам орысша оқитын жəне сөйлейтін. Ендеше дінді оқып меңгеруіне қандай шешім бар? Қазақстанда орыс тілінде дінтануды үйретпейді ме? Рахмет.

  45. Жанар Жанар

    Ассалаумагалеикум кыздарга арналган медиресе нешесине деин мен 14-15сине деин улгере алмаим себеби жакында естидим оси аидын аягы жагында барып калатын шыгарм жане емтихан сол баягы каз тили мен куранан ба???

  46. Багдаулет Багдаулет

    Медресеге 6 жастагы ул балалар кабылданама?

  47. арсенат арсенат

    ассаляму алейкум уа рохметуллахи уа баракятух биыл подкурска кабылдайма? кашаннан бастайды?

  48. Ажар Ажар

    Әссәләмуғалейкум! Медресеге қыз балаларды тек 11 сыныпты бітірген жағдайда ғана қабылдай ма?

    • Уа алйкум ассалам Ажар ханым! Алланың қалауымен биылдан бастап 9- сыныптан қабылдап отырмыз, Алла қаласа колледж дәрежесіне көтерілдік.

  49. Эльнура Эльнура

    Ассаляму алейкум! Желтоқсан айының басынан барсам 3 айлық курс оқи аламын ба? сабақ кестесі қандай күн сайын боладыма? маған 3 ай күнде оқуға болама сондай курс барма?жауапты асыға күтемін…….

    • Уа алайкум ассалам! Ин ша Алла болады қазіргі күнде сабақ басталды, ол үшін мына номерге хабарласыңыз 8(72537)7-08-23

  50. Акмарал Акмарал

    Ас-сальаума ьалейкум Сиздерге Аллахтын нуры жаусын.Сиздерден сурайын дегеним менин куранга тусип.Ислам жайлы билим алгым келеди.5 ай курска январдын ортасынан бастап барсам боладыма сосын ол жакта жатып окысак боладыма?жане.жеке жатын затрат алып барамызба?алде берилеме? тез жауап ала аламынба?Ас-сальаумаьалайкум уа рахматтулаху уа баракатух

    • уа алайкум ассалам! Әрине болады оқу, жатын орын, тамақ, бәрі тегін тек керекті құжаттарды алып келесіздер
      Анықтама үшін (872537)7-08-23

  51. Маншук Маншук

    Ассаламу алейкум! Мен кыздар медресесіне түскім келеді ! Алла қаласа! Құжаттырды қабылдайсыздарма? Колледждерде 2семестрдеде оқуға қабылдайтын еди…сіздердің медреселердеде барма? Тамыз айына дейін бірнеше ай бар,уақыт жоғалтқым келмеп еді!

  52. Маншук Маншук

    Ассаламу алейкум! Кыздарга арналған курстар каңтар айынан басталадыма?оған кандай кұжаттар қажет? Жане кыздарды кандай мамандықтар бойынша оқытады? Мен негізі бірінші курс оқып сосын ары карай окып маман иесі болгым келеді.Сұрақтарыма жауап берсеңіз қуанышты болар едим. Алла разы болсын сіздерге!

  53. Гүлбану Гүлбану

    Ассалаумағалейкумассалам уа рахматулаху уа баракатух. Сіздерден сұрайтыным сонда бұл универститет сияқты боладыма?мен медіреседе оқып білім алғым келеді. Қазірше Құранды жарытып оқи алмаймын жақында бастадым Намазды оныда кітапқа қарап үйрендім мүмкіндік болса осы медіреседе оқып намазымда қателіктер болса түзеп Діни білімімді арттырмақшы едім . Қалай түссем болады.

    • Уа алайкум ассалам! Иә мемлекеттік оқу орны, аранйы білім министрлігі бекіткен бағдарламамен оқытамыз, діни сауат ашу курсына келуіңізге болады

  54. Гүлбану Гүлбану

    Қабылдау қай уақытта болады?! Қанша уақыт оқиды?

    • Ассаламу алайкум! сауат ашуға ма әлде курсқа ма? Сауат ашуға қабылдау жүріп жатыр қыздар бөлімінде ал курсқа оқимын десеңіз кеш болды енді жазда қабылдаймыз құжаттарды

  55. Рабиға-Бану Рабиға-Бану

    Әссаляму әлейкум уа роxматуллаһи уа баракатуһ! менің сұрайын дегенім қыс уақытында оқудан 1 ай демалыс беріледі ( ЖОО-да оқимын) сол 1 ай демалыс кезінде сіздерге курсқа баруға болама? (сауат ашу курсынан мешіттен ұстаздан өткенмін) Құранға түскендерге баруға болама? Ол үшін қандай құжаттар қажет? Ол жерде жергілікті мекен жайымыз болмағандықтан келушілерге орын барма?

    • Уа аалйкум ассалам! Жауапты кеш бергенімізге кешірім сұраймыз, қысқы дем алыста сессия біткесін мұғалімдер қысқы демалысқа шығады

      • Рабиға-Бану Рабиға-Бану

        Ассаляму алейкум, кешірерсіз? Осы қаңтар айының 20сынан бастап барса болама 1 ай мерзімге?алде толық семестрді оқу керек пе?1ай көлеміне баруға болама?

  56. Рабиға-Бану Рабиға-Бану

    Ассаляму алейкум, кешірерсіз? Осы қаңтар айының 20сынан бастап барса болама 1 ай мерзімге?алде толық семестрді оқу керек пе?1ай көлеміне баруға болама?

  57. Таңшолпан Таңшолпан

    әс-сәләму’әлейкум уә роһматуллаһи уә бәрокатуһ!
    Сіздерде білім алу үшін биыл 10-шы сынып бітіріп барсамба деп едім,медресеге 9-шы сыныптың аттестатымен.Сіздерге лицензия берілді деп естідім.Осы жазда барып емтихан тапсыра аламынба?

  58. мират мират

    Ассаламу галайкум уа рохматуллахи уа барокатух. Айелим 20 жаста 9-сыныптын аттестатымен оку кабылдайсыздар ма? Алла разы болсын!

    • Уа алайкум ассалам! Алла қаласа қабылдаймыз, қабылдау маусым айынан басталады, емтиханды ҚМДБ белгілейді қашан боларын.

  59. Меруерт Меруерт

    Әс-сәләму’әлейкум уә роһматуллаһи уә бәрокатуһ!
    биыл інім 8-сыныпта оқиды соған жазда 3-ай демалыста ислами діннен сауат ашуға оқыға жіберсем деп едім баруға болама 3-ай жазда демалыста қабылдайсыздар ма?

    • Уа алайкум ассалам уа рахматуллохи уа барокатух! Алла қаласа болады, сайтымызға жазамыз қабылдау жүрерден алдын.

  60. Миржан Миржан

    Ас салямугалейкум .Сауат ашу курсына кай уакытта кабылдайсыздар?

  61. Жандос Жандос

    Ассалямуалейкум ! Алла разы болсын! Сиздерде кандай мамандыктар бар, жане А.Сманов сабак берема?

  62. Гульфайруз Гульфайруз

    Сәлеметсізбе?! Мен 11сынып оқушысымын. Бұйыртса 11бітірген соң, медреседе оқығым келеді. Мен медреседе оқып, қыз балаларға қатысты қандай мамандық иесі бола аламын?

    • Ассаламу алайкум! Медресеміз «Сарыағаш медресе колледжі» болған «Ислам негізі мұғалімі» мамандығын алып шығасыз

  63. Миржан Миржан

    Ас салямуъалейкум!Наурыз айындагы курста уш айлык оку курс барма?

  64. Арай Арай

    Ассаламу алайкум!Мен сауат ашу курсында оқиын деп едім,шілде айында барсам бола ма?

  65. Салтанат Салтанат

    Ассаламу амалейкум уа рахметолахи уа баракатух. Мен сіздерге бір айға медресеге оқуға барайын деп едім, наурыз айының басында бола ма жасым 29 да. Жаңадан бастап намазға тұрдым, жолдасым үй іші намаз оқиды. Мен сіздерге барып иманымды көтергім келеді. Бір айға қандай құжаттар қажет?

  66. Бота Бота

    Ассаламу алайкум! Сіздерде құранды толық жаттап шығу үшін 1-2 жыл оқыса болады ма? Жасым 22-де.

  67. Maulen Maulen

    Ассаламу алейкум уа рахматул-лахи уа баракатух! Менің 6 қызым бар.Үлкен қызым 9-сынып бітіреді.Сабағы жақсы. Ықыласы бар.Кәсіби білім көп.Сапалы жүйели,рухани білім алуға көмектесесіздер ме,қабылдайсыздар ма?.Алдын-ала тапсырыс берсе болама?

    • Уа алайкум ассалам! Алланың қалауымен биылдан бастап медресеміз «Кәсіптік техникалық колледж» статусын алды. Енді Медресе емес «Сарыағаш медресе колледжі» болып атауымыз өзгеріп 9- сыныптан бастап қабылдаймыз. Маусым айынан бастап қабылдаймыз.

  68. Aruzhan Aruzhan

    Ассаламу Алейкум уа Рахматтулахи уа Баракатух! Сіздерден сұрайын деген едім. Жасым 24 те, тұрмысқа шығпағанмын, сіздерге алдымен сауат ашу курстарына барып, одан соң медресеге тапсырсам болады ма, Алдын ала рахмет,Аллах разы болсын!

    • Уа алайкум ассалам! Әрине болады, алдымен сауат ашу крсына сосын курсқа түсуге. 8(72537) 7-08-23 қыздар номеріне хабарласыңыз

  69. ляйля ляйля

    السلام عليكم ورحمة الله وبركاته
    жазда сіздерге 10- жаста ұл бала, 7- жаста ұл бала, өзім — жазды курсқа барсақ? Біз алматыдан

  70. Бота Бота

    Ассальаму Алейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракату. Менің жасым 19 да.  Алматы қаласында оқимын. Ин Ша Аллаһ осы жылы колледжді аяқтаймын. Мен Ин Ша Аллаһ  қыздар медірессесіне түскім келеді. Түсуге мүмкіншілігім бар ма? Жəне де жетінші сынып бітіретін сіңілімді қабылдайма?
    Ер балалар медірессесіне қанша жастағы балаларды алады? Сегізінші сынып бітіретін жəне тоғыз жасар інімді барса қабылдай ма екен?    

    • Уа аалйкум ассалам! Алла қаласа болады, біз биылдан бастап «Сарыағаш медресе колледжі» болдық. Мектеп жасындағыларды қабылдамаймыз тек 9-11 сыныптардан бастап қабылдаймыз.

  71. Салтанат Салтанат

    Мен 8 сынып бітірдім.Елімізде хиджаб киюге тыйым салынды.Сұрайын дегенім 9 сыныпты осы медреседе жалғастырса бола ма?

  72. Айша Айша

    Ас саламу алейкум.Рамазан айы мубарак болсын!иншаАлла айт биткен сон медресеге толыктай окуга келейн деп едим)2ж 10 ай оки ма? Жане кандай паннен емтихан алады кандай кужаттар керек)Алдын ала Алла разы болсын

  73. Альфия Альфия

    ассалям уа алейкум уа рохматуЛлахи уа барокатух. Алла істеріңізге береке берсін. сұрайын дегенім сауат ашу курсына қашан қабылдайды? Және жатақханада жату міндетті ме? Жасқа толмаған баласы болса жатақханаға ала ма? Алмаса үйде жатып сауат ашу курсына келіп кетуге болады ма?

  74. Мадина Мадина

    Ассаляму алейкум, сұрайын дегенім, мен ЖОО бітіріп қазір екінші ЖОО сырттай оқып жатқан едім, қыста және мамырда сессияға бару керек. Биыл соңғы жыл оқимын. Енді 11 сыныптың аттестатымен барсам қабылдайсыздар ма, және сессияга жібересіздер ма? Жасым 22 де, оқу бітіргенше 1 жыл уақыт жоғалтқым келмейді. Сіздерде қысқы жазғы сессия қай уақытта болады? Алла разы болсын!

  75. Дина Дина

    Ас саламу алейкум 12-13 жастағы қыздар жатаханаға жатып оқи алама? және келесі жылғы жазғы демалыста баруға болама?

  76. Мадина Мадина

    Ассаляму алейкум! Мен ЖОО оқып жатыр едім. бір себептермен одан шығуым мүмкін. енді 11 аттестатымен сіздерге барсам қабылдай ма?

      • Толкын Толкын

        Ассаламу алейкум! Ин ша Алла биыл колледж бітіремін, 9сыныптан кейін түскенмін. Колледж бітірген соң медресеге түсуге ниет бар. Егер араб тілін білмесе медресеге ала бере ме?

  77. Мира Мира

    Әссаламуағалейкум.мен Ин Ша Алла осы наурыз айына дейін оқуымды бітіремін,колледжде оқимын.Сұрайын дегенім сіздерде жазға дейін яки күзге дейін білім алуыма болама.Алла қаласа ары қарай ЖООна тапсырмақшы едім.

  78. Толкын Толкын

    ассаляму алейкум! байланыс телефондарыныз сол бұрынғы ма? xабарласып анық қанығын білсем Ин ша Алла

  79. Адина Адина

    Ассалаумалейкум сизден сурар отинишим мен былтыр 11 битирген болатынмын окуга тусе алмай калгам медреседе оку ойымда бар едиго арине Алла тагаланын калауымен биыл тапсырсам боладыма Орал каласынан едимго Алла разы болсын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *