MEDRESE.KZ Жаңалықтар Тозақты қалдырып, Жәннәтқа кіретін ең соңғы адам туралы хадис

Тозақты қалдырып, Жәннәтқа кіретін ең соңғы адам туралы хадис

          Ибн Масғұд (Аллаһ разы болсын ол кісіден) Пайғамбарымыздың (Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтқанын былай әңгімелейді: «Меп Оттан шығыпЖәннәтқа кіретін ең соңғыны білемін. Бұл адам оттан еңбектеп шығады, сондаАллаһ Тағала айтады: «Бар да Жәннәтқа кір!» Ол оған жақындайды, бірақ іші толып тұрғандай болып көрінеді. Сонда ол кейін қайтады да былай дейді: «О, Жаратқан! Мен оның толып тұрғанын көрдім». Аллаһ Тағала оған айтады: «Бар да Жәннәтқа кір!» Ол оған жақындайды да бос орын жоқтай болып көрінеді. Ол қайтадан кері оралып, былай дейді: «О, Жаратқан! Мен онда бос орын жоқ екенін көрдім». Аллаһ Тағала қайтадан оған айтады: «Бар да Жәннәтқа кір! Өйткені ондасен үшін он жер әлеміндей орын дайындалған». Сонда ол айтады: «Қалайша Сен мені мазақ, қыласың? Сен Әміршісіц ғой». Осы жерге келгенде Ибн Масғұд (Аллаһ разы болсын ол кісіден) айтты: «Мен Аллаһтың Елшісінің қалай күлгенін көрдім, сонда оның үлкен күрек тістері де көрінді». Сосын ол былай деді: «Бұл адам Жәннәттағы ең төменгі орынды иеленеді». (Әл-Бухори, Мүслим)

          Имам Ахмад (Аллаһ рахметіне алсын) Пайғамбарымыздың (Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) келесі хадисін жеткізді: «Менің үмметімнің адамдары өздерінің күнәларынан отқа кіреді және онда Аллаһ Тағала қанша қаласа сонша болады, сонда көп құдайшылдар оларды сөзбен шағып былай дейді: «Біз пайғамбарға адалдықтарың мен имандарыңның өздеріңе пайда келтіргенін көре алмай тұрмыз» Сонда Аллаһқа серік қосқандардан басқа аса құдіретті Аллаһ Тағала ол жақтан шығармайтын бірде бір адам қалмайды». « Кейде сондай қарсы болғандар да: «Әттең мұсылман болсақ еді», — деп арман қылады». («Әл- Хижр» сүресі, 2 аят). Аллаһ Тағала бізді Оған серік қосудан сақтасын және бізді Жәннәтқа кіргізе көрсін.

Related Post

ҰСТАЗ ДІНМҰХАММЕТ СМАНОВ ШӘКІРТТЕРГЕ ӘСЕРЛІ УАҒЫЗ НАСИХАТ АЙТТЫ.ҰСТАЗ ДІНМҰХАММЕТ СМАНОВ ШӘКІРТТЕРГЕ ӘСЕРЛІ УАҒЫЗ НАСИХАТ АЙТТЫ.

Жастық шақ әр адамның тепсе темір үзетін кезеңі ғой. Кімде-кім бұл уақытында даналыққа бет бұрып, жастық шағын Алланың әмірлерін орындауға арнаса, Алла Тағала оның ақыретін жеңілдетіп қояды. Бұл туралы Пайғамбарымыз