Нажмите "Enter", чтобы перейти к контенту

Таяммум

 

 С: Таяммум сөзінің сөздік және шариғи мағынасы не?

Ж: Таяммум сөзі сөздікте мақсат, ниет ету және қалау дегенді білдіреді. Шариғатта үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылу үшін дәретті болуды ниет етіп топырақты немесе жер жынысын арнайы амал жасап қолдану деген мағынада қолданылады. Таяммум жолымен дәрет алуға қасиетті Құрандағы: « Ал егер ауру немесе сапарда болсаңдар, не сендерден біреу түзге отырып (әжетханаға барып) келсе немесе әйелдерге жақындасып, су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына таяммум соғып, беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар» ( «Ниса» сүресі, 43 аят), — делінген аят негіз болып табылады.

С: Дәреті жоқ адамға қашан таяммум жасау дұрыс саналады?

Ж: Дәретке су таба алмаған жолаушы елді мекеннен кемі бір мил (1848 м) қашықтыққа ұзап кетсе, дәретсіздіктен құтылу үшін таяммум жасайды.

С: Су бар, бірақ адам сырқат болса, оған таяммум алу дұрыспа?

Ж: Иә, сырқат адам ауру күшеюден қорықса немесе жүніп  (ғұсыл уәжіп) болған адам жылы су таппағандықтан суықтан сырқаттанып қалудан қауіптенсе, ғұсыл орнына таяммум жасау дұрыс.

С: Таяммум қалай алынады?

Ж: Бірінші үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылуды немесе намаз оқуға жол ашатын тазалықты ниет етеді. Кейін екі алақанын жерге ұрады, екі қолымен истинжаб етіп, яғни алақанмен сипағанда бір түктің де орнындай жер қалдырмай бетін топырақпен мәсіх етеді. Соңынан жерге қайта екі қолын ұрып, сол қолымен оң қолының саусақтарының басынан бастап шынтағымен қоса мәсіхтеп сипайды, сосын оң қолымен сол қолының  ешқандай жерін қалдырмай шынтағын қоса сипап мәсіх жасайды.

С: Бұл таяммум үлкен дәретсіздікте де, кіші дәретсіздікте де қолданыла ма?

Ж: Таяммум үлкен дәретсіздік, кіші дәретсіздік үшін деп бөлінбейді. Сондықтан жоғарыда баяндалған таяммумды екі дәрет түрінің екеуінде де қолданылады.

С: Таяммум немен жасалады?

Ж: Имам Әбу Ханифа р.а мен имам Мұхаммед р.а белгілеген тазалық шарты бойынша жер жынысы саналған топыраққа, құмға, әкке, сүрмеге, тасқа шаңы болмай жылтыр болса да таяммум етуге болады. Ал имам Әбу Юсуф р.а белгілеген тазалық шарты бойынша таяммум тек топырақ және құммен ғана жасалады.

С: Егер бір бұзылған үйдің немесе жел ұшырған топырақтың шаңы бетке немесе қолға жағылса таяммум әрекеттері орындалған болып есептеле ме?

Ж: Онымен таяммум орындалмайды. Өйткені, таяммумда ниет парыз саналады. Ал ғұсылды ниет етпей суға толығымен шомылса, сол шомылғаны ғұсылға жатады. Өйткені, ниет ғұсыл мен дәретте парыз емес, сүннет.

С: Таяммуммен нәпіл намаз оқуға бола ма?

Ж: Бір таяммуммен қалағанша парыз, нәпіл намаз оқуға болады және жүніп адам ғұсыл құйынып, дәретсіз адам дәрет алғаннан соң атқарылуы тиіс істерді таяммуммен  де істеуге болады. Олардың араларындағы үкімдерде айырмашылық жоқ. Сондықтан, таяммуммен қасиетті Құранды ұстау, мешітке кіру, Құран кәрім оқу, Қағбаны зиярат ету секілді амалдарды орындауға болады.

С: Таяммум жасау кейде тұрғылықты (жолаушы емес) және дені сау адам үшін де дұрыс па?

Ж: Әзір тұрған бейтаныс кісінің жаназа намазын оқу үшін уақыт қысқалықтан дәрет алуға үлгермесе, тұрғылықты немесе дені сау адамның дәреттің орнына таяммум жасауына болады.

С: Айт намазына дәретсіз келген кісі не істейді?

Ж: Айт намазына дәретсіз келген кісінің намазға дейін дәрет алуға уақыты болса, дәретін алады. Ал дәрет алуға уақыт жетпейтіндей болса, таяммум алып, айт намазы имаммен жамағат қатарында бірге оқиды.

С: Жұма намазға келген дәретсіз кісі, жұма намазының парызын оқуға үлгермесе, оның таяммум жасап оқуы дұрыс па?

Ж: Оған таяммум жасау дұрыс емес, дәрет алу қажет. Егер ол жұма намазына үлгерсе, имаммен бірге оқиды. Ал үлгермесе, орнына төрт ракағат бесін оқиды.

С: Намаз үшін дәрет алуға уақыт жетпесе, мысалы күн шығар алдында ұйқыдан оянса, оған таяммумен намаз оқуға болама?

Ж: Жоқ міндетті түрде дәретсіз адам дәрет алуы немесе  жүніп адам ғұсыл құйынуы қажет. Ал намазын күн шығып найза бойындай көтерілгенде қазасын оқиды. Өйткені мұндайда уақыт тарлығы таяммумға себеп бола алмайды.

С: Су таба алмаған адам су табамын деп намазды соңғы уақытына дейін кешіктіруіне болама?

Ж: Бұл уәжіп емес, дегенмен намазды мұндайда кешіктіру мұстаһаб. Су табылса дәрет алады, табылмаса таяммум алып намаз оқиды.

С: Жолаушы адам қоржынында суы барлығын ұмытқандықтан таяммум алып, намазын оқыса, кейін қоржынындағы суы есіне түссе, намазын қайта оқи ма?

Ж: Әбу Ханифа р.а мен Мұхаммед р.а құзырында намазын қайта оқымайды. Әбу Юсуфр.а ондай кісі намазын қайтадан оқып алуы керек деп санайды.

С: Сапарда жолаушының суы болмаса, оған су іздеу керек пе?

Ж: Оның жақын маңда су барлығына сенімі кәміл болмаса, суды іздеу оған уәжіп емес. Ал жақын жерде су бар деген ойы болса, судың бар жоғына көз жеткізбей таяммум алу дұрыс емес.

С: Сапарлас жолаушылардың артық суы болса, таяммум алудың алдында олардан сұрау дұрыс па?

Ж: Иә, тіпті сол елдегі жұрттың суға шығарған  бағасына суды сатып немесе жәй, тегін алып, егер берсе оған оған дәрет алады. Ал бермесе таяммуммен намазын өтейді.

С: Таяммумды қай амалдар бұзады?

Ж: Дәретті бұзатын амалдар таяммумды да бұзады. Ғұсыл орнына алынған таяммумды ғұсылды уәжіп ететін әрекеттер бұзады. Бұларға қоса таяммум су табылса және оны бұзады. Бұларға қоса таяммум су табылса және оны пайдалануға мүмкіндік туса бұзылады.

4 комментария

  1. aidana aidana 14/11/2013

    таяммумды тек қолдарды сипалаумен ғана аяқталама

    • Таяммум сөзі сөздікте мақсат, ниет ету және қалау дегенді білдіреді. Шариғатта үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылу үшін дәретті болуды ниет етіп топырақты немесе жер жынысын арнайы амал жасап қолдану деген мағынада қолданылады. Таяммум жолымен дәрет алуға қасиетті Құрандағы: « Ал егер ауру немесе сапарда болсаңдар, не сендерден біреу түзге отырып (әжетханаға барып) келсе немесе әйелдерге жақындасып, су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына таяммум соғып, беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар» ( «Ниса» сүресі, 43 аят), — делінген аят негіз болып табылады.
      Бірінші үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылуды немесе намаз оқуға жол ашатын тазалықты ниет етеді. Кейін екі алақанын жерге ұрады, екі қолымен истинжаб етіп, яғни алақанмен сипағанда бір түктің де орнындай жер қалдырмай бетін топырақпен мәсіх етеді. Соңынан жерге қайта екі қолын ұрып, сол қолымен оң қолының саусақтарының басынан бастап шынтағымен қоса мәсіхтеп сипайды, сосын оң қолымен сол қолының ешқандай жерін қалдырмай шынтағын қоса сипап мәсіх жасайды.

  2. aidana aidana 14/11/2013

    таяммумды тек қолдарды сипалаумен ғана аяқталама

    • Сарыағаш медресесі Сарыағаш медресесі Автор записи | 14/11/2013

      Таяммум сөзі сөздікте мақсат, ниет ету және қалау дегенді білдіреді. Шариғатта үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылу үшін дәретті болуды ниет етіп топырақты немесе жер жынысын арнайы амал жасап қолдану деген мағынада қолданылады. Таяммум жолымен дәрет алуға қасиетті Құрандағы: « Ал егер ауру немесе сапарда болсаңдар, не сендерден біреу түзге отырып (әжетханаға барып) келсе немесе әйелдерге жақындасып, су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына таяммум соғып, беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар» ( «Ниса» сүресі, 43 аят), — делінген аят негіз болып табылады.
      Бірінші үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылуды немесе намаз оқуға жол ашатын тазалықты ниет етеді. Кейін екі алақанын жерге ұрады, екі қолымен истинжаб етіп, яғни алақанмен сипағанда бір түктің де орнындай жер қалдырмай бетін топырақпен мәсіх етеді. Соңынан жерге қайта екі қолын ұрып, сол қолымен оң қолының саусақтарының басынан бастап шынтағымен қоса мәсіхтеп сипайды, сосын оң қолымен сол қолының ешқандай жерін қалдырмай шынтағын қоса сипап мәсіх жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *