2023-2024 жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдаймыз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023-2024 оқу жылдарына Сарыағаш ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған  «Сарыағаш медресе колледжіне» талапкерлерді оқуға қабылдайды. Колледждің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі басшылығымен жүргізіледі. Бітіруші түлектерге исламтану мамандығы бойынша төмендегідей біліктіліктер беріледі:

02210100 Исламтану

4S02210103 «ИМАМ-ХАТИБ»

02210100 Исламтану

4S02210104 «ҰСТАЗ»

Оқу түрі күндізгі.

Оқу түрі күндізгі. Оқу, үш мезгіл тамағы, жатақханасы ақысыз. Түркістан облысынан келген талапкерлерге мемлекеттік грант бөлінеді.  Студенттерге шәкіртақы тағайындалған.

Техникалық және кәсіптік білім берудің мерзімі  жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай,негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Мемлекеттік лицензиясы:№ KZ16LAA00014948

Жатақхана колледж ауласында болғандықтан студенттерге уақытпен қаржы үнемдеуге өте тиімді. Колледж кітапхана, асхана және басқа да материалдық базамен толық қамтамасыз етілген. Колледж студенттеріне компьютер дәрісханалары мен кең лекциялық аудиториялар, спорт кешені және С.Әбішұлы атындағы ислам орталығы қызмет көрсетеді. Оқу орнымызда студентерімізді слауатты өмір салтына қалыптасытру мақсатында спорттың жүзу кешені, кіші футбол, қазақша күрес, волейбол, баскетбол, бокс үйірмелері жұмыс жасайды.  Колледжде бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар,   жоғары тәжірбиелі исламтанушы мамандар  дәріс береді.

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ:

Ер балалар

  • Колледж директоры атына өтініш
  • Жергілікті имамдардың берген ұсынысы
  • Орта білімі туралы аттестаты немесе 9-сыныпты бітіргендігі жөніндегі куәлік (түпнұсқасы)
  • 075 үлгідегі дәрігерлік анықтама +(флюра)
  • І және ІІ топтағы мүгедектер үшін 031-У медициналық анықтама
  • Көлемі 3х4 сурет (8 дана) 4х6 сурет (1 дана)
  • 9 сыныпты бітіргендер үшін туу туралы куәлік
  • Сотталмаған туралы анықтама
  • ЭЦҚ қолтаңба (ключ)

ЕСКЕРТУ: 075-У медициналық анықтамада талапкердің суреті және мекеменің мөрі, түбіртегі болу керек.

Мекен-жайымыз: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Медресе көшесі №1

Құжаттарды қабылдау: 20- маусымнан  20-тамызға  дейін.
Қабылдау емтиханы:   Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан тапсырады. Қазақ тілі, қазақстан тарихынан тест. (Биыл ҰБТ тапсырғандар емтихан тапсырмайды, сертификатын алып келеді).

e-mail: kazmedrese@gmail.com

 

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ:

Қыздар бөлімі

  • Колледж директоры атына өтініш
  • Жергілікті имамдардың берген ұсынысы
  • Орта білімі туралы аттестаты немесе 9-сыныпты бітіргендігі жөніндегі куәлік (түпнұсқасы)
  • 075 үлгідегі дәрігерлік анықтама +(флюра)
  • І және ІІ топтағы мүгедектер үшін 031-У медициналық анықтама
  • Көлемі 3х4 сурет (8 дана) 4х6 сурет (1 дана)
  • 9 сыныпты бітіргендер үшін туу туралы куәлік
  • Сотталмаған туралы анықтама
  • ЭЦҚ қолтаңба (ключ)

ЕСКЕРТУ: 075-У медициналық анықтамада талапкердің суреті және мекеменің мөрі, түбіртегі болу керек.

Мекен-жайымыз: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Медресе көшесі №1

Құжаттарды қабылдау: 20 — маусымнан  20-тамызға дейін.
Қабылдау емтиханы:  Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан тапсырады. Қазақ тілі, қазақстан тарихынан тест.(Биыл ҰБТ тапсырғандар емтихан тапсырмайды,сертификатын алып келеді).

Байланыс телефондары:   8 72 537 5 52 92

Ұлдар бөлімі:     8 700 555 07 17

Қыздар бөлімі:  8 778 297 03 72

Сұрақ бар ма? Болса, мына бетке өтіңіз.

 

Талапкер назарына!