MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз

Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шарифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды  үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»-депті. Ендеше мұсылман баласына Құран үйрену ауадай қажет деп айтуға болатын шығар?
–  Ілім алу, сауатты болу, Ислам дінінің ең басты талабы. Себебі, Аллаһ Құранның  алғашқы аяттарын уахи еткенде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!  Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті» дейді. («Алақ» сүресі, 1-5 аят).

Осы мақсатта «Сарыағаш медресесінде» биылғы бітіруші түлектердің бастамасымен бірінші курс талапкерлерінің арасында «Тәжуид» ережелерінен сайыс болып өтті. Сайысқа екі топ қатысып жоғары курс талапкерлері қазылық етті. Жарысты өткізудегі мақсат балаларды құранды қатесіз оқуға ережені істете білуге баулиды дейді ұйымдастырушылар. Сайыс үш кезеңнен тұрды, ақтық сында іріктеліп екі ынталандырушы орын және 1,2,3 орын иелеріне бағалы силықтармен мақтау қағазы берілді. Алдағы уақытта медресе ішілік құран сайысын ұйымдастыру жағын атап өтпек екенін атап өтті ұйымдастырушылар жағы.

 

Related Post

Қажылығын өтеуші Мина жазығында егіз қыздарды дүниеге әкелдіҚажылығын өтеуші Мина жазығында егіз қыздарды дүниеге әкелді

«Ар- Риёз» басылымының хабарлауынша,Мина жазғында қызық оқиға болған: пәкістандық қажылығын өтеуші әйелдің аяқ астынан толғағы  келіп қалады. Бақытты ана егіз перзенттерді дүниеге алып келеді. Егіздер қыз болып ата-анасы Сафа және Маруа

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫСАЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Колледж студенттеріне «Салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында, Саманов Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде I-курс студенттері арасында үстел теннисінен спорттық сайыс болып өтті. Қазіргі таңда үстел теннисі студенттер мен жасөспірімдер арасында