«Жастардың шынайы физикалық өмірден цифрлық виртуалды өмірге көп көңіл бөлуі тиіс»Коледжімізде кезекті жоспарға сай Жастар ұйымы жетекшісі Зайнуддин Жеңісбек ұстаздың ұйымдастыруымен “Жастардың шынайы физикалық өмірден цифрлық виртуалды өмірге көп көңіл бөлуі тиіс” атты тақырыпта студенттер арасында пікірсайыс өтті. Сайыстық ойынға колледж ұстаздарыда қатысып, ойын өте тартысты және қызық өкені жайлы пікір білдірді. Пікірсайыс АПФ фарматта болды. АПФ – (Америкалық парламенттік формат) әлем бойынша ең атақты әрі қызықты формат. Онда үкімет және оппозиция тарапы болады. Үкімет тобында премьер-министр және спикер, ал оппозиция тобында лидер және спикер болады. Бұл ойын түрінде аргумент және оның маңыздылығы есепке алынады. Қорытындылай келе студентер пікірсайысты қызықты тартысты өткізді.






