MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сиыр зекеті

С: Қанша сиырдан зекет беріледі?

Ж: Отыздан кем шаруа сиырынан зекет берілмейді. Ал сиыр саны 30 (отызға) жетсе, отызының далада жайылғанына бі ржыл болса, одан бір жасар өгіз немесе тана зекет ретінде берілуі парыз саналады. 40 (қырыққа) жетсе, одан екі жасар бұқа немесе құнажын. 40 (қырықтан) 60 (алпысқа) жеткенше жоғарыдағыдай яғни әр отыздан бір жасар бір мал, әр қырықтан екі жасарын беріп отыру парыз. Имам Әбу Ханифаның (р.а) үкім – шарты бойынша, 40 – 60 дейін бір сиырға көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан бірін (оннан бірінің төрттен бірін), екеуге көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан екісін (оннан бірінің жартысын), үшеуге көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан үшін (оннан бірін) беру керек деп санаған. Имам Әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммедтің (р.а) үкім шарты бойынша, 40 (қырықтан)  60 (алпысқа) дейін ештеңе парыз емес. Кейін сиыр саны 60 (алпысқа) жетсе, бір жасар бұқа немесе танадан 2 (екеуін), 70 (жетпістен) 1 (бір) бір жасар бұқа мен 1 (бір) екі жасар құнажын, 90 (тоқсаннан) 3 (үш) бір жасар бұқа беріледі. Мал саны 100 (жүзге) жетсе бір жасар 2 (екі) бұқа, екі жасар « (1) құнажын беру парыз. Кейін осы парыз санақтың есебі әр он сиырда бір жасардан екі жасарға ауысып отырады.

С: Жабайы өгіздерден қанша зекет беру парыз?

Ж: Жабайы өгіздер мен шаруа сиырлардың зекет есебі бірдей.

 

Related Post

⚜️Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу қажет.⚜️Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу қажет.

🔰Осы жайында 7-қараша күні Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы шәкірттерге “Алланың сүйген құлдары” жайында керемет уағыз-насихат айтты. 🔰Уағыз кезінде шәкірттерге Құран аяттарынан, хадистерден мысал келтіріліп, насихатты одан сайын маңызын айқындады.