MEDRESE.KZ Ғибратнама Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері де бар» десетін.
Қатты қызыққаннан оны көргісі келеді. Сол күні ауылынан шығып, осы әулиенің алдына келеді де: «Мырзам! Есіміңізді көп естідім, сізге келуге көп кешіктім,  үзірімді қабыл етіңіз» деп өтінеді.
Әулие қалжыңдап: «Біз оңайшылықпен үзірді қабыл етпейміз. Ол үшін бізге алтын беруің керек» дейді. Мұндай жауапты еш күтпеген жігіт таң қалады. Өйткені қалжыңдап айтқанын түсінбеген еді.
«Менің алтыным жоқ қой» дейді. Сонда әулие: «Үйіңде сақтап қойған қырық алтының бар ғой, соларды алып кел, үзіріңді қабыл етейін» дейді. Жас жігіт «Жарайды мырзам» дейді де, бірден ауылына қайтады. Бұрыннан егіншілікпен айналысу үшін жинап жүрген қырық алтыны бар еді. Соларды алып әкеліп тапсырады. Хазреті Бахауддин Бұхари алтындардың ішінен бір данасын алып, қалғандарын өзіне қайтарып береді. «Қалған алтындармен егіншілікпен айналысарсың» дейді.
Сосын әлгі бір алтынды көрсетіп, «Бұл алтын саған харам жолмен келген. Ал харамда ешқашан береке болмайды» дейді.
Ертеңіне адамдар бұл жігіттен: «Расында сен сол алтынды қайдан алған едің?» деп сұрағанда «Кезінде құмар ойынынан тапқан едім» деп жауап береді.

Related Post

Сұлулық жеткілікті ме?Сұлулық жеткілікті ме?

Франция императоры 3-ші Наполеон өз заманасында дүниенің ең әдемі әйелі саналған Теба графинясы Мария Евгениямен үйленуге шешім қабылдағанын жариялағанында көпшіліктің таңданысымен наразылығын туғызды. Тәжірибелі кісілер бұл шешімінің дұрыс еместігін айтты.

Діни сауат ашу курсыДіни сауат ашу курсы

Бисмилләһир рахманир рахим. Әссәләму алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу! Сарыағаш медресе колледжінің жанында ашылған «діни сауат ашу» курсына шақырамыз.(Ер адамдар үшін) Келушілер назарына!!! Құжаттар тізімі: 1.Төлқұжаттың түп нұсқасы және көшірмесі