Сауабы мол іс

Бүгін Сарыағаш медресе колледжінің жанында салынып жатқан зәулім мешіт аумағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сауапты іске Тараз, Кентау, Түркістан, Шымкент және Жетісай қалаларынан асаршылар арнайы келді.
Жасалған істің үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де, не жасалса да, ықыласпен Алла разылығы үшін жасалуы қажет. Тәрбие ордасын абаттандырып айналасына ағаш, гүл егіп, сауапты іске серік болған барша бауырларға алғыс айтамыз!