MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді

Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді

Екхарт Хортсман Сарыағаш медресе  колледжіне арнайы ат басын бұрды. Оны еліміздің діни білім беру жүйесі қызықтырады екен. Колледж ұстаздарымен сұхбаттасып, мемлекеттік грант бөлу жағы мен медреседен басқа қандай мамандықты меңгеруге болатыны жайлы сұрады.

Бұрын тек қана Сарыағаш медресесі болып келген оқу ордасы екі жылдан бері колледж мәртебесіне ие. Мұнда қазір сегіз  жүздей студент бар. Биыл мемлекеттен елу орындық грант бөлінген. Оларға шəкіртақы да тағайындалған. Ал қалған  білімгер колледж есебінен оқуда. Яғни, мұнда сабақ та, тамақ та, жатар орын да тегін. Колледж түлектеріне тек қана имам немесе молда болып қызмет етуі шарт емес. Əрі қарай жоғары оқу орындарында білімін жетілдіріп, мемлекеттік органдар да қалаған мамандығы бойынша жұмыс істейтін болады. Сарыағаш медресе-колледжінің міндеті діни діңгегі мықты буын тəрбиелеп беру.

Екхарт Хортсман   жуырда Кёльнде Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ашылған мешіт жайында айтты.
Ашылу салтанатында Германия канцлері Ангела Меркельдің өз елінде мейлі мұсылман, не христиан немесе басқа да конфессия өкілдерінің тең құқықты екенін атап өтіпті. Бұл да болса, жергілікті мұсылмандарға тəп-тəуір демеу болғанын тілге тиек етті.

Сондай германиялық қонақ өзі туып-өскен ауылда мұсылмандармен көрші тұрғанын, ол жерде мешіт және медресе болғанын əңгімелеп берді. Кейін ол мұсылман отбасылар басқа қалаға көшіп кеткен соң, мешіттің де, медресенің жабылып қалғанын қынжылыспен жеткізді.

Қашаннан тазалықты сүйетін неміс мейман Сарыағаш медресе-колледжінің тəртібі мен тазалығына дəн риза боп кетті.

Мөлдір Нұрман

Related Post

Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізедіӘділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор, дінтанушы-теолог Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ РЕСМИ САЙТТАР СІЛТЕМЕСІСАРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ РЕСМИ САЙТТАР СІЛТЕМЕСІ

Сарыағаш медресе колледжі ресми сайты:https://medrese.kz/ Сарыағаш медресе колледжі ресми инстаграмы: https://www.instagram.com/medresekz/ Сарыағаш медресе колледжі ресми фейсбукы:https://www.facebook.com/profile.php?id=100041886344358 Ютуб каналымыз:https://www.youtube.com/c/ABDUGAPPARSMANOVRESMIKANAL Телеграмм каналымыз:https://t.me/ustazabdugappar

9 Мамыр -Жеңіс күні9 Мамыр -Жеңіс күні

«9 Мамыр -Жеңіс күні» біз үшін өте қастерлі, қасиетті мереке. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастырылуымен мерекелік жиын өтті, жиынға Сарыағаш медресе колледжі ұстаздары ,шәкірттері, соғыс ардагерлері,