Колледжiмiзде сәуiр айының 21-22 аралығында «ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы семинарға қатысушыларға өз алғысын білдіріп, іс-шараны ашып берді. Семинардың негізгі мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытыудың әдіс тәсiлдерiн, әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтiң жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру. Семинарға еліміздегі медресе колледждерден Ақтөбе, Астана, Үшқоңыр, Хибатулла тарази, Шымкент, Абу бәкір Сыддык, Орал медресе колледжінің білікті де білімді ұстаздары және ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Аршабаев Серікбол қатысты. Сонымен қатар Аршабаев Серікбол жоғарыда аталған тақырыптағы семинардың колледждер арасында алғаш рет өткізіліп жатқандығына тоқталып, колледж әдіскері Қалмұратов Темур, Сманова Нұржамал, Рамет Фатима, Жунисова Лаура, Бекен Алмас ұстаздардың арнайы пәндерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарына жоғары баға берді. Семинарға келген қонақтар Сарыағаш медресе колледжнiң тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздардың ашық сабақтарына кіріп, пiкiр алмасты. Екі күнге жоспарланған семинар өте қызықты әрі нәтижелі өтті. Семинарға қатысқан ұстаздарға колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы арнайы сертификаттар табыстады.
Колледжде республикалық семинар болып өтті
Рубрики:
Related Post
Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын Алла тағалаға таусылмайтын мадақ-мақтаулар болсын. Пайғамбарымызға мейілінше, кәміл салауаттар болсын. Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен
1-наурыз “Алғыс айту ” күні !1-наурыз “Алғыс айту ” күні !
Қазақ – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Бұл – үлкен тәрбие. Алғыс айту үшін арнайы жағдайды күту шарт емес. Мүмкін болса, жақсы сөз
Алапес және тазбен соқырдың оқиғасы.Алапес және тазбен соқырдың оқиғасы.
Пайғамбарымыздан (Алланың игілігі және сәлемі болсын) Абу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын)Бәни Исраильдан болған алапес және таз мен соқыр үшеуін Аллаһ тағала