Рухани кешті оқу орны директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып, медресе шәкірттерін Мәуліт мерекесімен құттықтап, тағылымды уағыз айтып, оқуда озат болуларын тіледі. Он сегіз мың ғаламның рақымы, шапағатшысы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өнегелі өмір жолы, Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істері осы кештің негізгі арқауына айналды. Іс-шара соңында барша көрермендер мен шәкірттерге медресе тарапынан мерекелік дастархан жайылды.





