Сарыағаш медресе колледжі

Алматыда 2009 жылы өткен ҚМДБ-ның кеңейтілген төралқа мәжілісінде  Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш медресесін 2010-2011 жаңа оқу жылынан бастап Діни басқарма құзырына алу мәселесі талқыланып, шешім қабылданды.

Медресе аудан орталығы Сарыағаштан 14 шақырым жерде. 1955 жылы Абдуллаұлы Атауллаһ қари осы ауылдың солтүстігіндегі Келес өзені бойынан мешіт салдырған. Жергілікті халық оны «Таяқты ишан» деп атап кеткен. Ол 1860-1959 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Көнекөз қариялардың айтуынша ол Бұхара медресесінде 45 жыл ұстаздық еткен. Мешітке сол кісінің аты берілген.

Колледж ғимаратын мешітке жапсарластырып 1989 жылы Шәкір ишан Сманұлы ауыл азаматтарының көмегі және өз қаражатына көлемі 12х66 м   екі қабат етіп  тұрғызған.

Содан 2000 жылға дейін ол «Таяқты ишан» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсы деген атпен өз бетінше жұмыс істеп келді. Әйтсе де бұлколледж жоғарыда айтылғандай, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің ұсынысымен ҚМДБ құзырына алынып, оған медресе мәртебесі берілді.

Оқу орны республика бойынша  дін мамандарын даярлайтындықтан 2010 жылдың 29 шілдесінде елдің барлық аймағынан алғашқы 55 талапкер қабылдаған.

2016 жылдың қаңтар айында  медресе колледж статусын алды. Ендігі кезекте тек қана 11-сыныпты бітіргендер емес, 9- сыныпты бітірген ұл қыздарды қабылдайды.

Ғимарат көлемі 1473,4 шаршы метр. Бірінші қабат әкімшілік ғимараты, мұғалімдер бөлмесі.  Кітапхана қорында 12000-ға жуық кітап бар.

Екінші, үшінші және төртінші қабат оқу сыныптары. Информатика кабинеті компьютермен жабдықталып, ғаламтор жүйесіне қосылған. Дәрігерлік бөлме де тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрақты мейірбике қызмет көрсетеді. Әрбір сынып  қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сыныптар кең әрі жарық, сабақ өтуге қолайлы.  Есіктері ағаштан, терезелері пластик, едендері кафелденген. Оқу ғимараты газбен жылытылады.

Жатақхана екі қабаттан тұрады. Жатақханаға жапсарлас«Таяқты ишан» мешіті орналасқан. Кең дәліздің екі жағы жатақхана бөлмелері. Жатақхана кең әрі онда екі қабатты кереуеттің төртеуі қойылған. Студенттер жатын орны  арнайы көрпе жастық және ақ жаялықтармен қамтамасыз етілген. Бөлмелер студенттердің киім-кешектерін және жеке гигиеналық заттарын қоятын  жиһазбен қамтамасыз етілген.

Асхана жаңа ғимараттың астыңғы қабатында оранласып онда бір мезгілде 300 шәкірт тамақтана алады.  Шәкірттер күніне үш уақыт  тамақтанады.

Жылы су және күнделікті жуынатын  себезгі (душ) және аптасына бір рет ыстық монша жағылады. Кір жуатын машина қойылған.

Ауласында футбол, баскетбол, волейбол ойнайтын және дене шынықтыратын  ашық алаң, турник, алтыбақан т.б. салауатты өмір салтына арналған құралдар бар.

Колледжді бітіргендер «исламтану» мамандығы бойынша диплом алып шығады.

43 комментария к «Сарыағаш медресе колледжі»
  1. Ассалаумағалайкум қалайсыз
    Оқуға түсу үшін қандай құжаттар керек

  2. АсСаламуғалейкум уа рохматулЛахи уа барокатуһ…Бисмиллаһир рохманир рохим…Сіздерге Аллаһ разы болсын…менің медресеге баруға ниетім бар еді…білім қандай дәрежеде болу керек толық қандай сұрақтарды білу керек емтихан тапсыруға…Мен құран оқып таджудтті білемін жаттап жатырмын таджудпен пайғамбарлар тарихын білемін фиһқтан білемін бұлар жеткіліксіз шығар иа? Маған қай жақтан дайындалып жүргеним керек жазға дейин ИншАллаһ

  3. Ассалаумагалейкум
    Медреседе араб жене агылшын тили мамандыгы барма
    11 ден кейн аныктамамен туссе боладыма
    Алла разы болсын

  4. Ассаляму алейкум! Ауызша емтиханда қандай-қандай сұрақтар болуы мүмкін,шамамен?

  5. Ассаляму алейкум! Ауызша емтиханда кандай такырыптар бойынша дайын болган дурыс?

  6. ассалаумағалейкум
    9-сыныптан түсіп бітіргеннен кейін университетке түсе аламынба?

  7. ассалаумағалейкум
    мен діннен білімім жоқ,бірақ мен медресе оқығым келеді мені қабылдайдыма?

  8. Ассалаумағалейкүм!
    Қыздар бөліміне дайындық курсы барма? Егер бар болса қай уақыттан бастап баруға болады?? Мамыр айынан бастап баруға боладыма??
    Жауап күтем.

  9. Ассаляму алейкум. Сіздерде 30жаста əйелдерді қабылдайды ма? Діни білім алып, құран жаттағым ееледі. 3ай сауат ашу курсы болса да бар ма? Жауап жазыңызшы өтініш.

  10. Ассалямуалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ.
    Мен сапалы діни білім алғым келеді.Құраннан 1 параға жуық білемін.Тəджуид білемін…Ақида фиқһтан да аздап хабарым бар..маған түсуге шанс барма? менде оттестатта 3 тер бар..өкінішке орай..бірақ мектепте жақсы оқығанмын..түсе аламын ба емтиханнан өтсем? тағы бір сұрағым бар..мен 9 дан бітіріп колледжге түскенмін..жəне биыл бітіремін..егер түскен болсам 9 бітіріп түскендермен оқимын ба?
    Менің медресе оқығым келеді не істесем түсемін ?
    Алла разы болсын !

  11. Ассалом алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух! 3 айлық немесе 6 айлық курс тар кашан басталады , курсқа карамай казир барсам кабылдай бересізбе? Білім алайын деп едім .

  12. Ассаляму алейкум. Мамыр айында сабақ біткен соң екі ұлымды алып сауат ашу курсына барсам деген ниетім бар еді. Тəжуид, ақида, фикhті үйренгім келеді. Өзім намазханмын. Ұлдарым 6,8жаста. Ол жақтарда танысым жоқ. Бірақ сіздердің медресеге барсам, діни білім алсам деген ықыласым бар. Сол жерге жақын жерлерден пəтер жалдап тұрып, сауат ашу курсына оқысам болама.

  13. Ассалямуалейкум, үш айлық курсына документ қай кезге дейін қабылдайды және тағы сұрағым бар еді алдынғы жылы 11сынып бітірсе, ол кісі де емтихан тапсырама әлде алдынғы жылғы сертификаты жарай ма колледжге түсу үшін??рахмет Алла разы болсын сізге

  14. Ассəлəму’алейкум. 9-шы немесе 11-ші сыныптағы аттестат міндетті түрде керекпе?,болмаған жағдайда медресеге қабылдамайды ма.(аттестатты бір себептермен жекеменшік коледжден ала алмай жүрмін)

  15. Ассаламу аалейкум мен Алматыдан едым сиздерде 1 жылдык оку алде курс барма сиздерге окуга барайын деп едым ин ша Алла

      1. 1 айлык емес 1 жылдык кере еды телефондарынызга хабарласып едым ешким алмайды 2 3 рет звандадым

  16. Ассалмуағаликум,9сыныптан аладыма?жəне құжаттарды қайдан тапсыру керек?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *