MEDRESE.KZ Жаңалықтар Республикалық медресеаралық Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Құран Кәрім жарысы өз мәресені жетті.

Республикалық медресеаралық Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Құран Кәрім жарысы өз мәресені жетті.

11-наурыз күні ҚМДБ тікелей қолдауымен Сарыағаш медресе колледжінде Республикалық Медресеаралық Құран кәрім жарысы болып өтті. Ауқымды шараға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы сәлемін халыққа жеткізді. Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қыздар арасында “3 пара” және “2 пара” және “Құранды мәнерлеп оқудан” жарыс болса, екінші бөлімде ерлер арасында үш номинация: “ 5 пара”, “ 3 пара” , “ Құранды мәнерлеп оқу” бойынша бақтарын сынға салды. Қыздар арасында медресеміздің атынан қатысып мәнерлеп оқу номинацисы бойынша 2-орынды Қабылхан Дариға еншілесе, 2 пара бойынша 3-орынға Оғалиқова Ортиқой шәкіртіміз жайғасты. Ал ерлер арасындағы тартысты бәсекеде 5 пара бойынша бас жүлде Жұмағұл Ырысалды шәкіртімізге бұйырса, 3 пара

номинациясының нәтижесінде 1-орынға Султанов Искандер табан тіреді. Мәнерлеп оқу сайысы бойынша 1-орынды Балтабай Ұлан , 2-орынды Абдукаримов Хусейн еншіледі.

Жеңімпаздарға ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы дипломы және қаржылай сыйлықтар табысталды. Қалған жарысқа қатысқан шәкірттерге де ынталандыру сыйлығы берілді.

Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қолдау білдірген барша жанашырларымызға өз алғысымызды білдереміз!

Related Post

⚜️Түркістан облысының білім басқармасы (бұдан әрі — Басқарма) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің2023 жылғы 20 ақпандағы №2-3-6/1569-И Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.⚜️Түркістан облысының білім басқармасы (бұдан әрі — Басқарма) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің2023 жылғы 20 ақпандағы №2-3-6/1569-И Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

🔰Осыған сәйкес Сарыағаш медресе колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.