Сарыағаш аудандық мектептер мен колледждер арасында 5 күндік оқу-дала жиындарының ашылу салтанаты «№ 12 колледж» МКҚК –ның спорт алаңында 2022 жылдың 27-ші сәуірінде болып өтті. Оқу — дала жиынының басталуын Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талипов пен Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы Б. Балабеков ашып, жас сарбаздарға Отан қорғау алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінуін, болашақ сарбаз екенін ұғындырып, алғыстарын айтып сәттілік тіледі. Ашылу салтанатына Сарығаш медресе колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі Исмаилов Қанат және Әбдірахым Нұрмұхаммед ұстаздарымыздың жетекшілігімен 1 курс студенттеріде қатысып, жас сарбаздар арасында өткізілген сайыстарда топ жарды. Соның ішінде қол күресінен Аскиров Аділет 2 орын, 100 метрлік қашықтыққа жүгіру бойынша Айдархан Алан 3 орынмен марапатталды.