MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ораза айты

Ораза айт намазы

Ораза айт намазы жылына бір рет жиналып оқитын Аллаһ Тағаланың Мұхаммед пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) үмметіне ілтипат етіп берген зор нығметі, әрі ең бастысы болып табылады. Біздер намазға  бір- бірімізді құттықтап, Аллаһ тағалаға құлшылық ету үшін жиналамыз, Рамазан айында ораза тұтуға мүмкіндік бергені үшін алғыс, мадақтау айтамыз. Аллаһ Тағалаға ұстанған ораза, берген садақа, Өзіне арналған ғибадаттарымызды қабыл алғай!

Айт намазының ерекшіліктері

Ораза  айт намазын оқу уәжіп. Жұма намазы парыз болған адамдарға айт намаздарын оқу  уәжіп болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с) әділ халифалар және сахабалар ешқашан да айт намаздарын жібермеген. Айт намаздары мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер үшін өте жоғары дәрежедегі, әсерлі де мағыналы ғибадат болып табылады. Бұл намаздардың соңы ұлы мерекеге ұласады.

Ораза айт намазының басталу уақыты

Ораза айт намазы күн найза бойы көтерілгенде, яғни күн көкжиктен шамамен 45 градустай көтерілген кезде басталып, сәске таман  аяқталады. Дәлірек  айтқанда , найза бойындай көлеңке нүктеге айналған шаққа  дейін  намаз  оқылып  болуы  тиіс.

Намаз оқудың тәртібі

Жұма намазға шарт болған нәрселер айт намазға да шарт болады. Бірақ айт намазынан бұрын хұтпа оқылмайды және хұтпа оқу парыз емес . Айт намазынан кейін хұтпа оқу сүннет.

Айт намазы екі рәкағаттан тұрады, азан және иқамат оқылмайды. Әдепкі  үш тәкбір әуелгі әуелгі рәкағаттың «Субханакәсінан» соң және қырағатынан бұрын, сондай-ақ кейінгі үшеуі екінші рәкағаттың қырағатынан соң  атқарылады. Бұл алты тәкбір және екі рәкағаттың бел бүгу (руку) тәкбірлері уәжіп болады. Әдеттегідей сәжде, отырыстар орындалып, сәлем беріліп намаз аяқталады.

Related Post

Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021

Тәуелсіздік – жүрекке жылы, құлаққа жағымды, мақтаныш сезімін ұялататын сөз. Йә, йә, нақ осы сөздің қадір-қасиетін, мағынасын жақсы түсінетін халықтың бірі екендігіміз ақиқат. Балалары – құл, қыздары – күң болуды

«Үлкенге құрмет кішіге ізет» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды«Үлкенге құрмет кішіге ізет» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Сарыағаш медресе колледжі және Жарты-төбе ауыл әкімшілігімен бірлесіп «Үлкенге құрмет кішіге ізет» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Аталған игі істің аясында медресе колледж шәкірттері ардагерлер және ауыл қарттарының үйіне барып,қолдан келгенше