MEDRESE.KZ Жаңалықтар Олимпиаданың бас жүлдегерлері үлкен және кіші қажылықты ұтып алды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Олимпиаданың бас жүлдегерлері үлкен және кіші қажылықты ұтып алды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында басталған ІІ республикалық медресеаралық олимпида өз мәресіне жетті.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен, Елордамыздағы «Нұр Астана» медресесінің 3 курс шәкірті Қуаныш Серіков жүзден жүйрік атанып, бас жүлдегер атанды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бас жүлде иесі Қуаныш Файзоллаұлына үлкен қажылыққа тегін жолдаманы салтанатты түрде табыстады.

Сонымен қатар, «Сарыағаш» медресесінің 2 курс шәкірті Дана Оңалбайқызы да бас жүлдені иемденіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Дана Оңалбайқызына кіші қажылықтың тегін жолдамасы берілді.

Олимпиаданың жабылу салтанатында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Алла Тағала жүлделеріңізді берекелі етіп, баршамыздың білімімізді арттырғай. Екі күндік олимпиадаға қатысқан 110 шәкірттің бәрі де жеңіске жетті деп есептеймін. Өйткені, жарысқа қатысушы жан-жақты дайындалады. Алған білімін қайталап, пысықтайды», – деді.

Бас жүлде иегерлері – Қуаныш Серіков пен Дана Оңалбайқызы ақида-фиқһ, Құран тәжуиді, араб тілі бойынша сұрақтарға жауап беріп, ең жоғары баллдық көрсеткішке ие болды.

Марапаттау рәсімінде І орынға 100 мың, ІІ орынға 70 мың, ІІІ орынға 50 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Ақпарат көзі muftyat.kz
DSC_0104

DSC_0105

DSC_0108

DSC_0110

DSC_0112

Related Post

⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы Сарыбаев Қазыбек мырза және қыздар бөліміне ҚМДБ -ныңШымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы, технолог Аралбай Аружан арнайы ат басын бұрып «Сарыағаш-медресе» колледжі студенттерімен кездесті.⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы Сарыбаев Қазыбек мырза және қыздар бөліміне ҚМДБ -ныңШымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы, технолог Аралбай Аружан арнайы ат басын бұрып «Сарыағаш-медресе» колледжі студенттерімен кездесті.

🔰Аталған жиналыс барысында студенттерге жалпы тағам өнімдерін сатып алған кезде тауардың этикеткасындағы мәліметке мұқият мән беру керектігі жайлы ескертіп, адал ас пенденің дұғасының қабыл болуына, кемел білімге қол жеткізуіне, сонымен

Сарыағаш медресе колледжіне қол ұшын созамын десеңіз төмендегі реквизиттерді пайдалана аласыз!Сарыағаш медресе колледжіне қол ұшын созамын десеңіз төмендегі реквизиттерді пайдалана аласыз!

Алла Тағала жасаған амалдарыңызды қабыл етсін! Jusan bank *KZ83998STB0000928503* БИН *160440012069* KaspiGold: *4400 4301 8541 6424* ИИН: *610924300665* Kaspi +7 (702) 454 67 21 Абдужаппар Шакирович

Шәкірттеріміз облыстық турнирде топ жардыШәкірттеріміз облыстық турнирде топ жарды

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыс бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жастар арасында «Дебат қозғалысын» дамыту мақсатында 2023 жылғы 1 сәуір күні «Көпсалалы индустриалды-техникалық