MEDRESE.KZ Жаңалықтар Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан

17.10.2022ж колледжіміздің кітапхана меңгерушілерінің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаты және арнайы көрнеліктерімен кітапхана көрмесі өтті.

Тәрбие сағаттың мақсаты –жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, өз халқының тарихи мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу. Оған қоса туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, Отанға деген махаббат сезімін ояту. Айтулы тәрбие сағат барысында шәкірттер “Отан” және “Туған жер” деген атаумен 2 топқа бөлініп, викториналық сұрақтар қойылды. Іс-шарада шәкірттер үздік нәтиже көрсетіп, екі топта бір-бірінен қалыспай нәтижелері тең түсіп, достық жеңіске жетті!
Рухани сананы кеңейтетін бұл тәрбиелік сағаты студенттердің интеллектуалды ойлау қабілеттерін жаңғыртты. Медресе шәкірттері өздерін жаңа қырынан танытып, алғыр екендіктерін тағы бір дәлелдеді. Отанды сүю- иманнан екенін шын мәнінде көрсете білді. Шәкірттердің алар асу-белестері — әлі алда!

Related Post

ТЕРОРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕРОРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

14.02.2022. күні Сарыағаш медресе колледжінде 13-11-91 тобының қатысуымен жоспарға сай «Терроризм және интернет» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді арнайы пән мұғалімі Нашуран Айбек ұстаз жүргізіп, басты пікірталастар терроризмді