8-қазан “Рухани келісім” , 25-қазан “Республика күніне” орай Сарыағаш аудандық ішкі-саясат бөлімі және Сарыағаш аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында спорттық іс-шара болып өтті. Жарысқа аудан бойынша мешіт және медресе ұстаздарынан, Сарыағаш аудандық жастар-ресурстық орталығының қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Медресе-колледжіміздің қызметкерлерінің арасынан арнайы жасақталған “ Медресе” командасы 1-орынды қанжығалады. Ал, 2-орын Сарыағаш қаласындағы мешіт имамдарынан құралған “Сарыағаш қаласы” командасына бұйырды, жүлделі 3-орынды Құркелес ауылдық округының имамдарынан топталған “Құркелес” командасы қоржындарына байлады. Жеңімпаздар Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиевтен арнайы диплом алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шәкірттеріне үлгі болар ұстаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!