MEDRESE.KZ Жаңалықтар Өзбекстанның имамдары Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесті

Өзбекстанның имамдары Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесті

Бауырлас елдің имамдары Сарыағашқа табан тіреген бойда, алдымен медресе колледжге ат басын бұрды. Шəкірттермен жүздесіп, дін турасында сұхбаттасты.

Колледж ғимаратын аралап көрді. Мешіт құрылысымен де танысты.

Исқақжон Бегматов —
Ташкент Усман ибн Мазун мешітінің имамы, Тохиржан
Акрамов —
Ташкент Шымыр ата мешіті имамы, Мансуржон
Даминов —
Омар ибн Хаттаб мешіті имамы, Мирадил
Миржалилов —
Дармон мешіті имамы, Жасур Раупов —
бас имам орынбасары
ислам ата мешітінің имамы бастаған бір топ имамдар колледж директоры Абдуғаппар Смановтың қабылдауында болды.

Өзбекстандық имамдардың келудегі мақсаты — екі ел арасында ынтымақтастықты арттыру, біргелікте дінге қызмет ету, достық қарым-қатынасты нығайту.

Баршамызға белгілі кезінде Бұқара, Самарқанның діни білімі мықты əрі əлемге əйгілі еді. Енді сол баяғы діни діңгекті қайта жаңғырту қолға алынып жатыр. Ел Президентінің өзі бастап қолдау көрсетуде.

Сарыағаш медресе колледжінің студенттеріне сəттілік тілеп, дұға етті.

Related Post