MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ислам ұстындары және ахлақ негіздері

Ислам ұстындары және ахлақ негіздері

         Расында Исламның Елшісі өзінің жіберуілуінің алғашқы мақсатын, шақыруындағы жоспарын өзінің: «Бәлкім ұлы мінез – құлықтарды толық қылу үшін жіберілдім» (Малик риуаят еткен) деген сөзімен шекаралап берді. Әлем тарихында сызып орын алған, иесі нұрын таратуда, төңірегіне адамдарды жинауда бар күшін жұмсаған елшілік, адамдардың оған анық біліммен әрекет етулері үшін, оларға құндылықтарды орнатудан және көз алдарында кемелдіктің жиектерін жарытудан көре көбірек ұмтылмаған.

Исламда шариғат етілген және иманда негіз деп есептелген ғибадаттар адамды белгісіз ғайыпқа — көмеске байлап тастайтын және оған мағынасыз әрекеттер мен түсініксіз амалдарды жүктеп тастайтын күмәнді рәсімдер емес. Жоқ, жоқ Ислам міндеттеген парыздар адамды шынайы мінез –құлықтармен өмір сүруді және оның алдында қанша замандар өзгерседе осы мінездерді ұстап қалуға әдеттендіру үшін қайталанып келе беретін машықтар. Ол міндеттер адамдар оған әрдайым құштарлықпен баратын, онда салауатты өмір салтымен дененің саулығы болған, дене шынықтыратын қимыл жаттығуларына ұқсайды.Құран мен сүннет бұл ақиқаттарды анықтап ашып береді.Аллаһ, міндеттелген намазды бұйырған уақытта, оны орындаудағы хикметі баяндап айтты: «Намазды толық орында (тұрғыз), әлбетте намаз арсыздық пен жамандықтан тияды» (Анкабут 45)

Көргенсіздіктен ұзақтату, жаман сөзбен, амалдан тазалау ол намаздың ақиқаты. Расында Пайғамбар (Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) Раббысынан риуаят еткен хадисте былай келген: «Әлбетте Мен намазды, онымен Менің ұлықтығыма кішпейілдік танытқан (райласқан, келіскен), Менің халқыма (жаратқандарыма) тәкәппарлық қылмаған, Маған қарсы күнә істеуде аяқ тіреп түнді өткізбеген, күндізі Мені еске алумен өткізген және міскінге, жолаушыға, жесірге жанашырлық танытқан, жәбірленгендерге мейірімдік еткендерден қабылдаймын» (Әл -Баззар)

Парыз етілген зекет қалталардан алынатын салық емес, бәлкім ол бірінші кезекте аяушылық, рақымшылық сезімдерін егу, бір –бірімен танысу, әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қарым –қатынас байланыстарын күшейту.

Расында Аллаһ Құранда: «Сен олардың малдарынан, оларды тазалайтын және онымен оларды пәктейтін садақаны (зекетті) ал» — деген сөзімен зекетті шығарудағы дәл мағынаны айтты.(Тәубе 103)                                                                                                        Кемшілік кірліктерінен нәпісті тазалау, қоғамды айтулы дәрежеге көтеру бұл даналық.

Сол себептен Пайғамбар (Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) мұсылман оны сарыптау керек болған садақа сөзінің мағынасын кеңейтіріп былай деді: «Өз бауырыңның жүзіне күлімсіреп қарауың садақа, жақсылықққа бұйыруың және жамандықтан қайтаруың садақа, адасқан кісіге жол көрсетуің сенің садақаң, жолдан тікен, сүйек және зиянды нәрселерді алып тастауың сенің садақаң, өз бауырыңның шелегіне өз шелегіңнен босатып беруің сенің садақаң көзі нашар адамға жол сілтеуің сенің садақаң». (әл -Бухари)

Ғасырлар бойы бір –бірімен дұшпандықпен, қызбалық – есалаңдықпен өмір сүрген сахарауи қоғамда берілген бұл тәлімдер, Ислам сызып берген және қараңғы надантықтағы арабтарды оған жетелеген мақсаттарға ишара жасайды.

Осы сияқты Ислам оразаны заңдастрып оған тағаммен сусындардың кейбірінен уақытша мақырұм болу деп қарамады. Бәлкім оны тиым салынған шаһуаттардан, болымсыз – қисынсыз әрекеттерден әрдайым нәпісті мақырұм қылу (тиым салу) деп есептеді.                                                                                                                                                     Осы мағынаны растап Рауслуллаһ (Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деді: «Кім жалған сөзін, оған амал қылуын тастамаса тамақты, сусынды тастауының Аллаһқа қажеті жоқ». (әл -Бухари) Және айтты: «Ораза (тиылу) жеумен ішуден емес, бәлкім ораза бос сөзден және боғауыз сөзден. Егер сені біреу сөксе немесе саған надандық қылса мен орзамын дегін». (Ибн Хазима)                                                                                                                                   Құран кәрім оразаның жемісін мына сөзімен еске алады: «Сендерден алдынғыларға парыз етілгендей сендерге ораза парыз етілді – тақуалық етулерің үшін». (Бақара 183) Кейде адам ойлайды киелі жерлерге шамасы жеткендерге жүктелген және Ислам өзінің ілесушілерінің кейбіріне парыз деп есептеген сапар хұлқи мағыналардан тыс жай саяхат деп. Мысалы кейбір діндер өз ішіне алған көмескі ғибадаттар сияқты. Бұл қате. Өйткені Аллаһ бұл құлшылық –қажылық жайындағы сөзінде былай дейді:«Қажылық белгілі айлар. Кім осы айларда қажылықты өзіне парыз қылса, қажылық кезінде (жұбайына) жақындық қылмайды, күнә істер, ұрыс –тартыс істемейді. Қандай игі амал істесеңдер де Аллаһ біледі. Қамданыңдар, әлбетте қамданудың ең жақсысы тақуалық. Менен (ғана) қорқыңдар ей саналылар». (Бақара 197)

Бұл Ислам онымен әйгіленген және оның негізгі ұстындары деп танылғанкейбір ғибадаттардың қысқаша көрінісі. Біз одан діннің құлықпен байланатынтамырларының мықтылығын баяндамақпыз.Әлбетте ол өзінің ішкі және сыртқыкөрінісінде де анық баяндалған ғибадаттар. Бірақ олар Рауслуллаһ (Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) сызып берген мына сөздің алдында бірігеді: «Бәлкім ұлы мінез – құлықтарды толық қылу үшін жіберілдім». (Малик риуаят еткен)

Намаз, ораза, зекет, қажылық және осы итағаттарға ұқсаған Ислам тәлімдері мақсат етілген кемелдіктің дәрежелері және өмір онымен сақталатын, маңызы көтерілетін пәктену ағыстары. Сен онымен байланған бұл қасиеттерге Аллаһтың дінінде үлкен орын берілген.

Егер адам одан өзінің жүрегін, санасын тазалайтын және Аллаһпен адамдар арасындағы байланысын үзіп алса расында ол құрдымға кетіпті.

Ұлы құдіретті Аллаһ айтақан: «Еш күдік жоқ, кім Раббысына (құзырына) (кәпір) қылмыскер болған күйде келсе, онда әлбетте ол үшін тозақ бар. Ол онда өле алмайды, өмір де сүре алмайды. Ал кім Оған (Раббысына –құзырына) мумин халінде игі амалдарды істеп келсе, әне олар үшін жоғары мәртебелер бар. Астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгі болатын Ъадн жәннаттар бар. Бұл таза болғандардың сыйы». (Тоһа 74-76)

Аллаһ бізді шынайы мумин болып игі амал істейтіндердің қатарында етсін. Амин.

Related Post

“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтеген шәкірттерімізге жиын өткізді“Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтеген шәкірттерімізге жиын өткізді

Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Бердуәлі Өтегеннің қатысуымен 2023 жылдың 9-ақпан күні «Діни экстримизмнің,теріс пиғылда діни ағымдардың алдын-алу» тақырыбы аясында колледжіміздің 1-курс студенттерімен

ҒұсылҒұсыл

Ғұсыл парыздары және оның себептері С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады? Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;

Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келдіСарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді

Екхарт Хортсман Сарыағаш медресе  колледжіне арнайы ат басын бұрды. Оны еліміздің діни білім беру жүйесі қызықтырады екен. Колледж ұстаздарымен сұхбаттасып, мемлекеттік грант бөлу жағы мен медреседен басқа қандай мамандықты меңгеруге