MEDRESE.KZ Жаңалықтар Жұма күнінің басты ерекшеліктері

Жұма күнінің басты ерекшеліктері

1. Жұма күні мұсылмандар үшін мереке. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Шын мәнінде Аллаһ осы күнді мұсылмандар үшін мейрам етті. Сондықтан да жұма намазына келген кісі ғұсыл алсын, иіс суы болса себінсін және мисуакпен аузын тазаласын» Ибн Мәжә риуаяты.

2. Күнәлар кешірілетін күн. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім жақсылап ғұсыл алып, Аллаһтың қалауынша намаз оқып, хұтпаны зейін қойып, үндемей тыңдаса, онда оның осы күн мен бұрынғы жұма намазының арасындағы және тағы да үш күн аралығындағы күнәлары кешіріледі» Муслим риуаяты.

3. Дұға қабыл болатын күн. Басқа бір хадисте былай делінген: «Жұма күні Аллаһтың ықыласпен дұға қылған мұсылман пендесінің сұрағанын беретін бір мезет бар».

4. Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтатын күн. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Шындығында жұма сендердің ең жақсы күндерің. Сондықтан да осы күні маған салауат айтыңдар, сендердің айтқан салауаттарың жеткізіледі». Абу Дәуд риуаяты.

5. Қиямет келетін күн. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді «Күн көтерілген күндердің ішідегі құттысы – жұма күні.Осы күні Адам жаратылды, осы күні ол жұмакка кіргізілді әрі осы күні одан шығарылды. Қиямет күні де осы күні болады». Муслим риуаяты.

6. Жұма күнгі таң намазының артықшылығы. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Аллаһтың алдында ең артықша намаз жұма күні жамағатпен оқылған намаз». Әбу Нұғайым риуаяты.

7. Жұма күні қайтыс болудың артықшылығы. Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Жұма күні немесе жұма қараған түні қайтыс болған мұсылманды Аллаһ Тағала қабір азабынан сақтайды». Имам Ахмад риуаяты.

Related Post

Қажылығын өтеуші Мина жазығында егіз қыздарды дүниеге әкелдіҚажылығын өтеуші Мина жазығында егіз қыздарды дүниеге әкелді

«Ар- Риёз» басылымының хабарлауынша,Мина жазғында қызық оқиға болған: пәкістандық қажылығын өтеуші әйелдің аяқ астынан толғағы  келіп қалады. Бақытты ана егіз перзенттерді дүниеге алып келеді. Егіздер қыз болып ата-анасы Сафа және Маруа

“Таза табиғат” акциясы“Таза табиғат” акциясы

Көктемнің алғашқы айынан бастап оңтүстікте айнала түгел жасыл желекке оранары хақ. Дегенмен, жасыл табиғатты қорғап оған күтім жасау адамзаттың міндеті. Осыған орай бүгін медресе шәкіртері “Таза табиғат” акциясы аясында медресе

ТікенТікен

Өткен заманда бір жігіт болған екен. Күндердің күнінде есігінің алдына дән егіпті. Арадан бір шама уақыт өткесін  әлгі дән өніп шықты. Жігіт ұрыққа әлсін — әлсін су құйып тұрады. Бірақ