Бүгінгі таңда Сарыағаш медресе колледжінде 900 ден астам шәкірт тәлім алуда. Білім жолында берілген садақаның сауабы ілім иесінің өзгеге үйретері, мұра етер мирасы түгесілгенше еш сарқылмайды. Ал ілімнен асқан қазына, байлық жоқ. Өңіріміздегі жастарды имандылыққа тәрбиелеп, ислами іліммен сусындатушы білім ордасы – «Сарыағаш медресе колледжіне» көрсетілген көмек те сауабы зор амал. Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданының жомарт азаматтары колледжімізде тәлім алып жатқан шәкірттерге 3 тонна алма, 25 кг балық садақа етті. Алла жолында ілім ізденушілерге жасалған жақсылықтың сауабы таудай болары күмәнсіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» деген. Баршаңызды Алла жолында жақсылық жасауға шақырамыз!!!

Related Post

Қадірлі отандастар!Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды

Діни экстремизмнің жастар санасына әсеріДіни экстремизмнің жастар санасына әсері

Тәуелсіздік орнағалы, міне 30 жылға аяқ бастық. Осы уақыт ішінде жасы да, кәрісі де білім жинап, ақыл тоқтатып үлгереді. Жастар халық санының 21% құрайды, яғни елімізде орта жастағы адам саны