MEDRESE.KZ Жаңалықтар Егін мен жеміс-жидек зекеті

С: Егіс пен бау – бақша өнімдерінен зекет беріле ме?

Ж: Иә, беріледі. Жер өнімінің суғарылуына қарап, оннан бірі (ұшырдан) немесе бірінің жартысы зекет ретінде беріледі.

С: Мұның нисабы бар ма?

Ж: Әбу Ханифаның  (р.а) пікірінше, нисабы жоқ. Жерден өнген барлық нәрседен көп болсын немесе кем болсын зекет берілуі керек. Тек ағаш, қамыс, шөптен зекет жоқ. Имам Әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммедтің (р.а) пікірінше, егіс өнімі сақталса (бидай,арпа сияқты) және бес саусақ өлшеміне жетсе ғана зекет беріледі. Бұл екі имам құзырында жеміс – жидектердің зекет садақасы болмайды.

С: Уасақ (аусақ) дегеніміз не?

Ж: Ол мадиналықтардың өлшем ыдысы, оған 60 (алпыс) «саа» сияды.

С: Ұшыр немесе оның жартысы қашан уәжіп саналады?

Ж: Егер ағын немесе жаңбыр суымен суғарылса, онда ұшыр яғни оннан бірі – уәжіп. Ал егіс  жасанды суғарылса, яғни шелекпен, өгізбен немесе түйемен тасып немесе құдықтан қолмен тартып шығарумен немесе су диірменімен суғарылса, оннан бірінің жартысы парыз.

С: Мақта сияқты уасақпен өлшенбейтін егіс өнімдері үшін берілуі тиіс зекет түрлері туралы не айтар едіңіз?

Ж: Имам Әбу Иусуфтың (р.а) айтуынша, мақта сияқты «уасақпен» өлшенбейтін өнімдерден де оннан бірі (ұшыр) – уәжіп, егер мақтаның құны 5 (бес) «уасақ» жеміс – жидектің ең төмен құнына теңессе, ұшыр беру уәжіп (Мысалы, тары ең арзан егін). (Мақтадан сауда тауары сияқты құнынан беру керек деген пікір айтушылар да болған.) Имам Мұхаммедтің (р.а) пікірі бойынша, мақта  секілід өнімдердің салмағы арнайы өлшенетін жоғарғы өлшемнің бесеуіне жетсе, ұшыр уәжіп. Сонда Мақта 5 (бес) «хәміл» (бұл мақта өлшемі, бұл өлшем 300 (үш жүз) «манға» тең) өлшеміне жетсе ұшыр алынады.

С: Балдан ұшыр беру парыз ба?

Ж: Әбу Ханифаның  (р.а) пікірінше ұшыр алынатын жерде бағылған бал араның балынан ұшыр – уәжіп. Әбу Иусуфта (р.а) балдың салмағы 10 (он) «қирабқа» (50) «ман» жетпейінше одан ұшыр жоқ дейді. Имам Мұхаммедтің (р.а) айтуы бойынша, балдың салмағы 5 (бес) «фараққа» жетсе ға ұшыр беріледі.

C: Фарақтың салмағы қанша?

Ж: Ирақтықтарда 36 «Ратыл».

С: «Хираж» алынатын жерде (өзге дін өкілдері қолданып, бірақ жер мұсылмандарға қараса) өскен өнімнен ұшыр зекеті алына ма?

Ж: Ол жерден ұшыр алынбайды, олардан «хираж» алуымен шектеледі.

С: Ұшыр берілетін өнім үшін кеткен қаражатты, мәселен істеген жұмысшылардың ақысын бөліп алып, кейін қалғанына ұшыр бере ме?

Ж: Ұшыр берілетін өнімнен жұмсалған қаражат бөліп алынбайды. Жерден алынатын барлық өнімнен ұшыр немесе оның жартысы беріледі.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді.

Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры.Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры.

19.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің қыздар арасында құранның III,II,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап,

Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алуДіни экстримизм мен терроризмнің алдын алу

Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында колледжімізге Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы келді.Келудегі мақсат радикалды діни ағымдарының алдын алу.