MEDRESE.KZ Жаңалықтар,Ұстаздар Дінтанушы, теолог Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы Досай Кенжетайұлы медресе колледж шәкірттерімен кездесті

Дінтанушы, теолог Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы Досай Кенжетайұлы медресе колледж шәкірттерімен кездесті

⚜️Дінтанушы, теолог Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы Досай Кенжетайұлы медресе колледж шәкірттеріне Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтеріне, Абай Құнанбаев мұраларындағы дін жайында жазбаларына кеңінен тоқталып, білім алудағы әдеп жайлы да уағыз насихат айтты.

Шәкірттеріміз айтылған құнды деректерге дән риза болып, Ұстазға өздерінің сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ Досай ұстаз бітіруші түлектерімізді өзі басқарып отырған Теология факультетіне оқуға түсуге шақырды. Ауқымды тақырыптар кеңінен қозғаған уағыз шәкірттерге хайырлы білім азығы болсын деп сенім артамыз.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің жаңа ғимараты ашылдыСарыағаш медресе колледжінің жаңа ғимараты ашылды

Сарыағаш медресесін білмейтін жұрт кемде-кем. Сол медресенің жаңа ғимараты ашылады дегенді естіген жұрт тағатсыздана ашылуын күткен еді, енді міне сол күткен ашылуы да болып өтті. Мамыр айының 19-жұлдызында «Сарыағаш» медресе-колледжі

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді.