MEDRESE.KZ Жаңалықтар Діни экстремизмнің жастар санасына әсері

Діни экстремизмнің жастар санасына әсері

Тәуелсіздік орнағалы, міне 30 жылға аяқ бастық. Осы уақыт ішінде жасы да, кәрісі де білім жинап, ақыл тоқтатып үлгереді. Жастар халық санының 21% құрайды, яғни елімізде орта жастағы адам саны 4 млн-нан асады. Кез келген елде болсын жастар араласпайтын іс болмайды. Мәдениетте, әлеуметтік қатынастарда, приоритеттік мақсаттарда, саясаттың бөлігіне, дінаралық қатынастарда да жастар қоғамының маңызы зор. Бүгінгі уақытта жастар өміріндегі этноаралық және дінаралық құндылықтар өзгеріске ұшырап барады. Бірақ Алматы, Шымкент, Астана секілді қала жастарында заманауи тұрғыда білім алу мүмкіндігі жоғары саналады. Халық саны көп болған қалаларда да оқыс оқиғалардың жиі болып тұратыны белгілі жайт. Қазіргі уақытта еліміздегі басты кедергілердің бірі – жастардың жат ағымның жетегінде жүруі. Осындай жағдайлардың орын алуына бірнеше мысал келтіруге болады:

— интернет желісінің әсерінен жастардың психологиялық қиындықтарға тап болуы;

—  әлеуметтік жағдайдың төмен болуы, қажетті діни білімнің болмауы, батысқа еліктеушілік

—  аталмыш проблемаларды жат ағымдардың тиімді пайдалануы;

— елімізде мектептерде діни сауаттылықты арттыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың жеткіліксіздігі;

— қоғамдағы жұмыссыздықтың белең алуы және т.б. жағдайлар.  Діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстардың көптеп жүргізілуі аса қажет. Теріс ағымның соңынан жүрген жастар қандай іспен айналысады?

Негіздері бойынша «Саудаласу – сүннет, сүннетті атқарып жүрміз» дейді, бірақ асылында адамдармен қарым-қатынас жасайтын белігілі бір орындарды таңдайды. Мобильді телефон жасайтын себептері, мысалы «айфон» жөндетуге апарасыз. Содан кейін ол оның қымбат тұратын ұялы телефон екенін біліп алады, кейін сізге 15 минут күте тұрыңыз дейді де, соңынан сізді барынша сөзге тартуға тырысады. Сол секілді, машинаның автобөлшектерін сатумен жан бағады. Осылайша, «сізге қандай тауар қажет, тауып бере аламын» деп сөзге шүйіркелете, өз насихаттарын бастайды. Жастарға аса қауіпті болатын жат ағымдар жетерлік. Атап айтқанда: «Уахабия», «Хизбут Тахрир», «Сәләфизм», «Йегова күәгерлері», «Кришна санасы қоғамы» және т.б. Діни дағдарыс көбейіп, қоғамға зиян ағымдар күннен-күнге еселеп жатқанына дінтанушылар алаңдауда. Рухани проблеманы бөлек алып қарастырғанмен, ол өзге қоғамдық-экономикалық қатынастармен біте байланысып жатқандықтан, бірден шешіле салмайды.  Шынында, экстремистік ұйымдардан келетін қауіпті қайтаруда әкімшіліктегі әлеуметтік салаға қатысы бар басқармалар, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ҰҚК мен Ішкі істер басқармаларында жүйелі бағдарлама, сол бойынша жұмыстар ұйымдастырылуы керек. Теріс ағымдар мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы ең көлемдісі, нәтижелі шығатыны – интернет пен әлеуметтік желілердегі рухани сауатын ашу сабақтарында, діни тақырыптағы өзекті мәселелерді талдауда дәстүрлі ислам ұстанушылар басымдылық танытулары қажет. Осы бағытта қарапайым сабақтардан бастап, ғұламалар сабақтарына дейін қажет еткен тілде жамағат талабы қамтамасыз етілуі тиіс. Терроризм (ланкестік) — саяси мақсатқа жету жолында жастарды ерікті түрде иландыру әдістері.

Көздеген мақсатына жетуде, миссионерлік ұйымдар тұрғылықты халық басым ораналасқан елді мекендерде тұрып, халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін, болмысымен қатар рухани дүниетанымдық жүйесін анықтау барысында жетерліктей дәрежеде толыққанды зерттейді. Қоғамдағы түрлі келеңсіз жағдаяттарға байланысты: өмірге көз қарасы бұлынғыр, түрлі сынақтарға тап болып, шешімін табуда қиындыққа шыдамай, діни сауаттылығы таяз жастар осы топтардың үгіт насихатына иланып қалатыны сөзсіз. Қоғамдағы орын алып жатқан ланкестік әрекеттер жастарға дінді жеткізгенде оның діни психологиясын зерттеп, оның әлсіз тұстарын анықтайды. Кез келген қоғамда адамның діни болмысымен қатар, қоршаған ортадағы болып жатқан келеңсіз жағдаяттарға байланысты өз орнын табуда оны лидерлік дәрежеге жеткізген сыңай танытып оны көздеген мақсатына пайдалануда жылы шырай танытып, өз мүддесін іске асыруда барынша қолдау көрсетеді. Сауатсыздық пен надандықта бұрыс іс әрекетін  анғарған кезде тығырыққа тіреліп ланкестік ұйымның мүшесіне айналады.

Күніміздегі лаңкестік ұйымдардың алдыңғы қатарында орын алған топтардың ең қауіптісі саяси билікке жетуде кез келген әрекетке баруда мемлекетін, ата-анасын (отбасын) тіпті өмірін сарп етуге дайын екендігінің куәсі болдық.

1992 жылдың 15 қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер»  атты қабылдаңған заңдағы «Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей» деген бөлімін  миссионерлiк ұйымның өз мүддесін іске асыруда қолайлы жұмыс жасауға жол ашты. Сонымен қатар күніміздегі пайдасынан зияны басым, күніміздің ақпарат көзі болып саналатын ғаламтор желісінде ақпараттық-насихат сепаратизммен лаңкестіктік әрекетті іске асырудағы белсенділік танытуда. Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың «жахилия», «жихад» ұғымы бүгінгі күннің  қатыгездік пен зұлымдықты еске түсіретін термин сөздерге айналды. Сондықтан да күнімізде Ислам дінінің әмірлерінен бұрын бұл терминге қызығушылық әлдеқайда жоғары. Ислам дінін өз мүддесіне қолданушы лаңкестік ұйымдардың теориялық аспектілері кеңінен талқылануда.

Қорыта айтқанда, басқа да қылмыс түрлерін болдырмаумен қатар алдын алу. Күнімізде ланкестік ұйымдар Қазақстанмен қоса Орта Азияны да мүлт қалдырмады десекте болады. Түрлі  экстремизмге қарсы негізделген әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Қазақ Энциклопедиясы»

2. Қалмахан Ержан, Мұратхан Махмет. «Салыстырмалы диндер және ағымдар». – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы,2017.

3.   Сағынкүл Қонар. «Діндер тарихы» – Алматы: 2011.

4.  Аникин Д.П. История религий. – М., 2007.

5. Айтбаев О. Дінтану. – Карағанды, 2009.

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰСТАЗЫ

СМАНОВА НУРЖАМАЛ ӘБДІШУКҮРҚЫЗЫ

NUR.OSMAN81@MAIL.RU

Related Post

Бір жас жігітБір жас жігіт

Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің

Сарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өттіСарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өтті

2019 жылғы 26-қыркүйек  күні Сарыағаш медресе колледжінің акт залында 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімі өтті. Биыл аталмыш оқу орнына 300 талапкер қабылданған болатын. Студент қатарына қабылдау салтанаты қасиетті құран