Нажмите "Enter", чтобы перейти к контенту

Діни сауат ашу курсы

Сарыағаш медресе колледжінде жасөспірімдерге «Жазғы сауықтыру және діни сауат ашу курсытық» лагері ұйымдастырылды.

Шәкірттерге Құран әліппесі, Ислам әдебі, намаз оқып үйрену, туған жерге деген сүйіспеншілік, ата-анаға құрмет көрсету тақырыптарында дәрістер жүргізілді. Сонымен қатар спорттық үйірмелермен бассейінге жүзу шаралары жүргізілді. Қатысушылар жатын орын, төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, демалыс күндері шәкірттерді ынталандыру үшін, Сатыбалды Әбішұлы мешітінің жанындғы көлде катамаран және қайықтармен серуендеп, колледж жайлауында түйе құстар, тауыс құстар, еліктерді көріп, тамашалап, көңілдерін көтеріп қайтты. Лагерде жалпы 478 шәкірт қамтылды.