Нажмите "Enter", чтобы перейти к контенту

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары

Сманов Рахматулла Абдусаттарұлы:

1988 жылы 30- шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Үйленген, 2 қыз, 3 ұлы бар.

БІЛІМІ:

1995-2006 жылдары Ынтымақ ауылындағы С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алған.

2003-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын тәмамдаған.

2009-2011 жылдары Сауд Арабиясы корольдігіндегі Араб тілі институтында білім алған.

2013-2016 жылдары Қазақстан инженерлі-педагогикалық халқтар достығы университетінде бакалавр мамандығын алған.

2017-2019 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.

Қазіргі таңда Алматы қаласында орналасқан Мұр- Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантураның 3 курсында оқып жатыр.

ҚЫЗМЕТІ:

2014-2016 жылдар аралығында Сарыағаш медресесінде ұстаздық қызметін атқарған

2017 жылдан бастап Сарыағаш медресе колледжі директорының шаруашылық  жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда