MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.

ездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айына орай еліміздің барша мұсылмандарына ізгі тілегін жолдады.

Мемлекет басшысына Рамазан айында еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралар жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда дәстүрлі ислам дінін кеңінен дәріптеу және ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Діни басқарма осы жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Оның аясында жыл бойы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтты.

Related Post

Мас көршіМас көрші

Имам Азам хазретінің бір көршісі бар еді. Үйлері тиіп тұратын. Әр күні түнде үйіне ішіп келіп, таңға дейін ән айтып, саз шалып, шулап имам Азам хазреттерінің мазасын қашыратын. Имам Азам

 “ Еңбек күніне” орай шәкірттер медресе ауласына тазалық жүргізді. “ Еңбек күніне” орай шәкірттер медресе ауласына тазалық жүргізді.

⚜️Шәкірттер 28-қыркүйек “ Еңбек күніне” орай республикалық сенбілік шарасына қатысып, медресе аумағына тазалық жүргізді. 🔰Акцияның мақсаты- қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту сондай-ақ табиғатты аялау, шәкірттерге қоршаған ортаны қорғау және