MEDRESE.KZ Мақалалар,Мақалалар Ақпараттық қоғамның құрбандары

Ақпараттық қоғамның құрбандары

Қазіргі қоғам ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманы. Күн өткен сайын технологияның шығуымен қатар, әлеуметтік желілер де өз негізінде дамып келеді. Әрине, заман талабына сай даму жағы жетістігіміз деп айта алсақ, екінші қырынан қарайтын болсақ өкінішке апарып, өмірі опат болып жатқан жәйттер аз емес… соның бір қатары жасөспірімдер арасындағы ақпараттық зорлық-зомбылық, әлімжеттік, буллинг сияқты бармақ тістер әрекеттер орын алуда. Сөзіміздің дәйегі ретінде төменде біршама жағдайларға тоқтала кетсек:

Вертер синдромы. Нәрестелердің ойдан-қырдан, қоқыс арасы, әжетханадан көп табылуына қатысты айтарым бар еді. Социология ғылымында «Вертер синдромы» (Sindromul werther) деген бар. Бұл синдром бойынша, бір рет жасалған жауыздық актісі ақпарат құралдарынан кеңінен айтылып, жазылып, көрсетіле берсе, бұл қаніпезер әрекет домино әдісімен елдің әр қиырынан қылаң беріп, ұласпалыға айналады. Мәселен, өзіне-өзі қол салу әрекеті.

Америкалық социологтардың айтуынша, ақпарат құралдары суицидтті жаппай жүртшылықтың қаперіне сала беріп, есіне түсіре берсе, бұл өзіне қол салу әрекеттерін одан сайын маздатып, өршітіп, ушықтырып алу қаупі жоғары. Өйткені, өмірімен қош айтысуға оқталып жүрген адам, теледидардан өзі сияқты суицид жасаған бейбақтарды көргенде өзін-өзі ақтай бастайды. Яғни, «мен ғана емес екем, мен сияқты өмірмен қоштасқысы келетін адамдар көп екен ғой» деген сияқты кереғар ойлармен өзін жұбата бастайды.

Мұны айтып отырған себебім, соңғы кездері ақпарат құралдарында қызыл шақа тастандыларын лақтырып кеткен «көкек аналар» туралы ақпарат ел ішін кеулеп кетті. Тараздағы екі оқиға аздай, Алматы облысындағы тағы бір тастанды бала жағамызды ұстатты. Мұндай оқиғаның жиілеуіне ақпарат құралдарының шектен тыс әсіресенсацияшыл өрекпіген ниеттерінің де кінәсі бар деп айтар ем. Өйткені, журналистер көп айта берген сайын құлақ та, көз де, ауыз да үйренеді, бойымыз да үйреніп кеткенін байқамай қаламыз.

Сондықтан лажы болса, мұндай қайғылы тақырыптарды жіті назарға іліктіріп, соған екпін қойып, маздата беру орнына барынша шектеп, тіпті, тиым салса да артық емес деп санаймын. Үндеуіме ақпарат құралдарының құлақ асқанын қалаймын.

Нақты мысал, 80-ші жылдары Аустрияда метрода өзін-өзі өлтірген әрекеттер көбейіп кеткен. Сонда бұл келеңсіздік ақпарат құралдарының басты тақырыбына айгалады. Жергілікті билік ақпарат құралдарына бұл тақырыпқа шектеу қоюға үндеу тастағаны сол екен, көбісі құп алған екен. Нәтижесінде көп ұзамай-ақ Аустриядағы метрода суицид статистикасы едәуір азайған.

Колледж арнайы пән оқытушысы: Байтемирова Гулимхан Жаппаровна

Related Post

Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021

Тәуелсіздік – жүрекке жылы, құлаққа жағымды, мақтаныш сезімін ұялататын сөз. Йә, йә, нақ осы сөздің қадір-қасиетін, мағынасын жақсы түсінетін халықтың бірі екендігіміз ақиқат. Балалары – құл, қыздары – күң болуды

Білім алу әрбір мұсылманға парызБілім алу әрбір мұсылманға парыз

Білім – ақыл мен парасаттың белгісі болған асыл қазына.  Білімді болу алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы болып саналады. Білім нәрімен сусындаған адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол

Құрандағы ата-ана туралы аятҚұрандағы ата-ана туралы аят

Беков Нұрсұлтан ұстаз «Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтерді. Оның сүттен шығуы да екі жыл алады. Ендеше,