MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ашуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды.

Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді.

Тайпаның көсемі бұл қысқа ғана насихатқа таң қалып, ауылына қарай беттейді. Ауылына келсе, ауыл тұрғындарының жасақтанып жатқанын байқайды. Олардан алаңдаумен сұрайды:

— Тыныштық па, не болды?
- Біздің жастарымыз көрші тайпаның малдарынан бірнешеуін ұрлапты. Олардың қаруланып бізге келетіндерін ойлап, қорғану үшін жасақтанып жатырмыз,- дейді.
— Демек бізге шабуыл жасамақшы ма,- деп айбаттанып, тайпаның көсемі де қаруланады. Дәл сол сәтте пайғамбарымыздың алейһисалам насихаты есіне түседі.
Дереу тәубе етіп, қару жарақтарын тастап, тұрғындарға былай дейді:
— Мен қазір арғы тайпаға барып сөйлесемін. Келіспесе де жоғалтарымыз жоқ.
Арғы ауылға жақындағанда, сол ауылдың тұрғындары таңырқап, оны көсемдерінің жанына алып барады. Көсемдерімен сәлемдесіп былай дейді:
— Біздің жастарымыз сендердің малдарыңа зиян келтіріпті. Қателік бізден. Барлық шығындарды мен өтеймін. Осының кесірінен қан төгілмеуі тиіс.
Арғы көсем бұл кең пейілділіке қатты риза болып:
- Олай болса мен де барлық нұқсандарды кештім,- дейді.
Осылайша қан төгілмей араларында бейбітшілік орнайды.

Related Post

⚜️Шымкент қаласы бас имамының орынбасары шәкірттермен кездесті⚜️Шымкент қаласы бас имамының орынбасары шәкірттермен кездесті

🔰Бүгін Шымкент қалалық бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміров “Сарыағаш-медресе” колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті. 🔰Жиналыс барысында түлектерді елге, дінге қызмет жасауға шақырып, діни маманның барлық өңірге қажет екенін, сонымен қатар халыққа