MEDRESE.KZ Жаңалықтар АДАМҒА АЛҒЫС АЙТПАҒАННЫҢ, АЛЛАҒА ШҮКІРІ ЖОҚ

АДАМҒА АЛҒЫС АЙТПАҒАННЫҢ, АЛЛАҒА ШҮКІРІ ЖОҚ

Алғыс айту – халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін, ризалық сезімін білдіретін бата-тілек дәстүрі. Белгілі әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» – деген еді.

Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді.

Кең пейілді қазақ халқы қашан да алғыс айтудан қашпаған. Халық арасында «алғыс – бата» деген ұғым бар. Көпті көрген ақсақалдар жастарға алғысын білдіріп, жасаған іс-әрекеттеріне көңілі толып, «Қолыңды жай, балам, батамды берейін, алғысымды білдірейін» деген. Бұл – үлкен тәрбие. Алғыс айту үшін арнайы жағдайды күту шарт емес. Мүмкіндік болып жатса, жақсы сөз айтудан жалтарып қалмау керек. Бұл – алдымен әдептіліктің белгісі. Жақындарыңызға, айналаңызға ризашылық білдірудің тиімді әдісі.

Related Post

⚜️Ұстаз- білім ордасының шамшырағы.⚜️Ұстаз- білім ордасының шамшырағы.

🔰Сарыағаш медресе колледж ұстаздар арасында ауызбіршілікті нығайту “Кәсібім менің нәсібім” атты тренинг сабақ болып өтті. 🔰Ұстаздар үшін ұйымдастырылған бұл арнайы сабақ қатысушылардың көңілінен шықты. Сабақ барысында ұстаздарға түрлі сұрақтар қойылды.

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді.