Колледждің 1 курс студенттері, 23-9-11 тобына «Саналы ұрпақ» жоспары аясында «Адал бол» атты тақырыпта жемқорлықа байланысты видеоролик көрсетілді. Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.