MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қазақ қыздарына

Ата-бабамыз ежелден қыз баланы қатал және ерекше тарбиелеген. Оларды құрметтеп төрден орын берген!Ол жайында көптеген мақал-мәтелдерді айтуға болады! Мысалыға:Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі.Қызды қырық уйден тыю деген сиякты.Қазақ қызы негізінен иманды,инабатты,байсалды, тәрбиелі.өнегелі,өнерлі,үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетіп,ата-бабамыздың салт-дәстүрін және қазақ тілін сары алтындай сақтай білетін сабырлы және болашақта ана атауына лайықты болатын болса ол арине нұр үстіне нұр болмақ!

Жарығым бұл не қылығың?

Оң қолыңда шарабың,

Сол қолыңда шылымың,

Құралайдай қызысың,

Бір мұсылман әкенің.

Көрініп екі анарың,

Ашылып бөксе барасың,

Қарындасы қаракөз,

Сен мұсылман ағаның.

Жарқырап қос жауырын,

Көрсеткен аттай сауырын,

Тәлімгері әпкесісің аяулы,

Сен мұсылман бауырдың.

Қуанышың ба қарқылың?

Ашуыңба шаңқылың?

Отбасына періште ұялатар,

Мұсылманның жарысың.

Бөгіп алып сыраға,

Билейсіңдер дал ұрып,

Тым болмаса мешітке,

Кірмейсіңдер жамылып.

Далбаңдаған қарағым,

Жоғалып арың, иманың

Қайда кетіп барасың,

Тербетер тал бесігін болашақ

Сен мұсылман анасың.

Related Post

«Сарыағаш» медресе-колледжінде Мәуліт кеші өтті«Сарыағаш» медресе-колледжінде Мәуліт кеші өтті

Рухани кешті оқу орны директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып, медресе шәкірттерін Мәуліт мерекесімен құттықтап, тағылымды уағыз айтып, оқуда озат болуларын тіледі. Он сегіз мың ғаламның рақымы, шапағатшысы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өнегелі

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ РЕСМИ САЙТТАР СІЛТЕМЕСІСАРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ РЕСМИ САЙТТАР СІЛТЕМЕСІ

Сарыағаш медресе колледжі ресми сайты:https://medrese.kz/ Сарыағаш медресе колледжі ресми инстаграмы: https://www.instagram.com/medresekz/ Сарыағаш медресе колледжі ресми фейсбукы:https://www.facebook.com/profile.php?id=100041886344358 Ютуб каналымыз:https://www.youtube.com/c/ABDUGAPPARSMANOVRESMIKANAL Телеграмм каналымыз:https://t.me/ustazabdugappar