MEDRESE.KZ Ғибратнама Халал сауданың нәтижесі

Халал сауданың нәтижесі

Бір заманда бір тақуа кісі көптеген дүкендердің басшысы болыпты. Қол астындағы саудагерлерге «Егер сатып жатқан өніміңде  бір айыбы болса,  тұтынушыға айыбын айтып сатыңдар» деп ескертетін. Бір күні ол басшылық ететін дүкеннен бір яхуди (еврей) айыбы бар мата сатып алады. Әлгі Алладан қорқатын басшы тығыз шаруамен  қалаға кеткен болатын. Сауда жасап тұрған жігіт өз ақылына сүйеніп, бұл бір яхуди болса деп айыбы бар матаны айтпастан сатып жібереді. Сатылатын  заттар арасында  айыбы бар матаны басшы сатушыдан сұрайды. Сатушы: «Матаны бір яхудиға үш мың дирхамға сатып жібергенін айтады, бірақ айыбын айтпадым» деп жауап береді. Қожайын  сатушыдан: «Сол яхуди қайда?» деп сұрады. Керуенмен жолға аттанып  кеткендігін айтады. Басшыөзімен бірге яхуди берген ақшаны алып,  тез арада атқа қонып яхудидің соңынан жолға шығады. Арадан үш күн өткенде керуенді қуып жетіп, оған: ей пәленше, сен біздің дүкеннен матаның мынадай түрін алған екінсің оның мынадай айыбы бар еді дейді. Мына дирхамыңды алда матаны қайтарып бер деді. Яхуди дүкен басшысына сені мұндайға итермелеген не? деп сұрайды. Қожайын : «Ислам діні» Пайғамбарымыздан  (с.а.у)  имам  Муслим риуаят етіледі « Кім өтірік айтса, ол бізден емес»  деген деп жауап береді.

Бұл сөздерді тыңдап тұрған яхуди , сауда дүкендерінің  басшысына: Сіздерге берген дирхамдарым қолдан жасалған жасанды еді. Ал мынау шынайы үш мың  дирхам, мұны ал деп, оған қосымша “Ашҳаду ан лаа илаҳа иллаллоҳ. Уа анна Муҳаммадан Росулуллоҳ!!!”  деп иман келтіреді.

 

Related Post

Білгенге мешіт деген Құдай үйіБілгенге мешіт деген Құдай үйі

«Білгенге мешіт деген Құдай үйі» деп бабаларымыз базына қалдырғанындай 2019 жылы қарашаның 29 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының, Ынтымақ ауылында «Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығы» ашылды. Көркі көз тартқан, ашылмай