MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері де бар» десетін.
Қатты қызыққаннан оны көргісі келеді. Сол күні ауылынан шығып, осы әулиенің алдына келеді де: «Мырзам! Есіміңізді көп естідім, сізге келуге көп кешіктім,  үзірімді қабыл етіңіз» деп өтінеді.
Әулие қалжыңдап: «Біз оңайшылықпен үзірді қабыл етпейміз. Ол үшін бізге алтын беруің керек» дейді. Мұндай жауапты еш күтпеген жігіт таң қалады. Өйткені қалжыңдап айтқанын түсінбеген еді.
«Менің алтыным жоқ қой» дейді. Сонда әулие: «Үйіңде сақтап қойған қырық алтының бар ғой, соларды алып кел, үзіріңді қабыл етейін» дейді. Жас жігіт «Жарайды мырзам» дейді де, бірден ауылына қайтады. Бұрыннан егіншілікпен айналысу үшін жинап жүрген қырық алтыны бар еді. Соларды алып әкеліп тапсырады. Хазреті Бахауддин Бұхари алтындардың ішінен бір данасын алып, қалғандарын өзіне қайтарып береді. «Қалған алтындармен егіншілікпен айналысарсың» дейді.
Сосын әлгі бір алтынды көрсетіп, «Бұл алтын саған харам жолмен келген. Ал харамда ешқашан береке болмайды» дейді.
Ертеңіне адамдар бұл жігіттен: «Расында сен сол алтынды қайдан алған едің?» деп сұрағанда «Кезінде құмар ойынынан тапқан едім» деп жауап береді.

Related Post

ҰСТАЗ РИАЗБЕК БАТТАЛҰЛЫ|ПАРЫЗ ЖӘНЕ СҮННЕТ АМАЛДАРЫ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ НАСИХАТ АЙТТЫ.ҰСТАЗ РИАЗБЕК БАТТАЛҰЛЫ|ПАРЫЗ ЖӘНЕ СҮННЕТ АМАЛДАРЫ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ НАСИХАТ АЙТТЫ.

Парыздың өтелуінде зор сауап пен жақсылық бар. Мойнындағы борышын өтемегендер ақырет азабын тартады. Айта кететін бір жайт, кімде-кім парызды теріске шығарып, Парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Алайда парыз екенін мойындап, бірақ

Ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды.Ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды.

2021-2022 оқу жылы Сарыағаш медресе колледжінің ақылы негізінде білім алып жатқан студенттердің үздіктеріне, колледж құрылтайшысы тарапынан тағайындалған, ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды. Жиналыс барысында директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

БасталдыБасталды

Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.