Күні кеше Сарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өтті.
Мұғалімдер кеңесінде өткен оқу жылындағы кемшіліктер ескеріле отырып 2023-2024 оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер таныстырылды.
Қатысқан мұғалімдер тың өзгерістер бойынша өз ойларын ортаға салып, тиімді, тиімсіз жақтары туралы тоқталды.
Сондай-ақ шәкірттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша назарға алынды.
Колледж директоры оқудың жаңа кезеңімен құттықтап:
-Шәкірт тәрбиесінде оның сапалы білім алуында сіздердің алар орындарыңыз ерекше. Ертеңгі келешігіміздің жарқын болуы сіз бен біздің адал еңбегімізге байланысты. Олай болса жаңа оқу жылының табыстары мен жетістіктері мол болсын,-деп педогогтер кеңесін қорытындылады.