Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.
Бүгін Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш » медресе колледжінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдымен қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен тапсырды. Аталмыш емтиханды мелекеттік аттестаттау коммисиясының төрағасы ҚМДБ-ның діни білім және ғылым бөлімінің маманы Марат Жапасбаев, Сманов Абсаттар «Сарыағаш медресе колледжінің директоры, Қарақұлов Еркебұлан ОҚО облыстық орталық мешітінің найб имамы , Абдиров Айтжан «Шымкент» медресесінің ұстазы, Төребеков Нұралы «Сарыағаш медресе колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі қабылдады. Аталмыш медресені 2015-2016 оқу жылы табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған ұл балалар бөлімінен 28 түлектің алтауы Габдрашев Жанкелді, Умирзаков Нұрсұлтан, Хисаров Хусейн, Тасболат Али, Усипбеков Ербосын, Халдаров Азизбек алтауы «Өте жақсы», 12-сі «Жақсы», қалғаны қанағаттанарлық үлгерім көрсетті. ТМД да теңдесі жоқ қыздар медресесі 2013 жылы ашылып алғашқы шәкірттерін қабылдап еді, бұл күндері сол шәкірттер алғашқы түлек болып отыр. Қыздар бөлімінен 22 қыз тәмамдап 6-ауы «Өте жақсы» қалғаны «Жақсы» үлгерімінде бітіріп шықты
Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!