ҚМДБ-ның Алматы облысы Алматы аймағы бойынша өкілі, Қарасай батыр мешітінің бас имамы Қуаныш Наржановтың қолдауымен әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен 3 айға созылған арулар сайысы бүгін өз жеңімпаздарын анықтады!

Бәйгенің бірінші кезеңі əр қаланың орталық мешіттерінде өтті. Ол кезеңнің шарты бойынша Құран Кəрімнің қазақшасы Халифа Алтай нұсқасы бойынша алынды. Шарт бойынша 114 сүреден 114 сұрақ қойылды. Екінші кезеңіне медресеміздің алты шəкірті өтті.
Республика бойынша іріктеуден өткен  жалпы 14 Ару бүгін білімі мен білігіне, Қасиетті Құран жаттау қабілеті мен ислам іліміне қатысты, сондай-ақ қолөнер, сұрақ-жауаптан тұратын 5 сынақта өзара сынға түсіп колледжіміздің шәкірті Оңғарбай Жанар «Өнерлі Ару» атағына ие болып Ұмра қажылығының сертификатына ие болды.

Қазылар алқасы да Нұр-Мүбарак университетінің білімді де білікті мамандары, медресе, қажылық компания өкілдері, Құран хафиздерінен құралған!