Имам Ағзам хазреттерінің бір көршісі бар еді. Үйлері тиіп тұратын. Әр күні түнде үйіне ішіп келіп, таңға дейін ән айтып, саз шалып, шулап имам Азам хазреттерінің мазасын қашыратын. Имам Азам оған ештеңе деместен, сабыр ететін. Бір күні түнде әлгі жігіттің дауысын естімеген Әбу Ханифа (раһметуллаһи алейһ) таңырқап, таңертеңгісін көршісінің есігін қағады. Есікті ашқан көршісінің әйеліне: — Күйеуіңіздің дауысы шықпағанынан алаңдап едік, әйтеуір ештеңе боп қалмады ма екен? — деп сұрайды. Әйел мұңайғанымен қоса ұялып: — Оны түнде базардан мас күйде келе жатқан жерінен сақшылар түрмеге қамап қойыпты,- дейді. Мұны естіген Имам Ағзам дереу әкімнің үйіне барады. Әкім оны көрісімен орнынан тұрып құрметпен сәлемдеседі, кейін: — Уа имам! Келген себебіңізді айтасыз ба, бір қалауыңыз бар ма?- деп сұрайды. Имам Ағзам: — Әкім мырза, біздің бір көршіміз бар еді, түнде мастығы үшін қамауға алынған екен. Соны бостуыңызды сұраймын,- дейді. Бұдан кейін әлгі жігітті босатып, Имам Ағзамға тапсырады. Жолда хазреті Әбу Ханифа: — Ренжіме кеше бұл жағдайдан хабарымыз болмады және бала-шағаңа напақа бере алмадық, мына ақшаларды ал да олардың напақасын қамтамасыз ет!- дейді. Көрші жігіт қатты өкініп, ұялғанынан қызарып кетті. Шын көңілмен тәубе етті. Өлгенге дейін Имам Ағзамнан айрылмады. Оның садық шәкірттерінен болып, көптеген ихсандарға қауышты.