Литва респупбликасына 8жыл (1999-2007) ішінде басшылық жасаған бұрынғы президент Вайра Вике- Фрецберга ханшайым заманауи еуропаша отбасы моделінің орнына отбасы және перзент мәселесінде Ислам отбасы ұстын екендігін ойлап көруге шақырды деп хабарлайды «Ислам в СНГ» сайты. Бұрынғы ел билеушісі бұл жайында Sestdiena журналына берген сұхбатында былай деген: «Бізде әйелдер көбінесе ана болуға қорқады,себебі өз күйеулеріне және олардың жауапкершілік сезіміне сенбейді. Көп әйел алушы ортада өздерінің әйелдерін және перзенттерін бағып — қағу еркектік міндеті деп біледі. Ал бізде телехикая полигамия(жұбайын тез — тез ауыстырып отыру) және полиандрия(бір әйелдің бірнеше күйеуі болуы) жағдайы кездесіп тұрады. Өкініштісі,біздің мәдениетімізде әке өзінің соңғы отбасынан туылған балалар үшін ғана емес, бәлкім барша перзенттері үшін жауапты, деген түйсік жоқ». Оның ойынша, мәселенің шешімі мұсылмандар арасында әлдеқашан шешілген: «Мұсылман отбасында мүлдем басқаша жағдай. Атлас тауларында өмір сүретін бір бербер әйел маған : Мен бірінші әйелімін және күйеуіме өзім сиыса алатын жас әйел алып бердім. Менің денсаулығымның болмауына байланысты (маған тууға болмайды), бірақ күйеумнің жаңа келіншегінен туылған баласына тамағын дайындап жас келіншекке үй жұмыстарын тапсырып, оның баласына қараудан бақыттымын» деген еді. Мұсылмандарға күйеуі өзінің барлық әйелдеріне жақсы қамқорлық жасайды, ал бізде болса ажырасқан әйелдің түзу адвокаты болмаса, күйеуі оны ұмытып жібереді. Биыл 75 жасқа толған Вайра ханшайым ислами өмір сүру мен ислам дінімен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болған, оның жастық шағы Марокашта өткен. Вайра ханымның айтуына қарағанда, ол Ислам мәдени мирасын жоғары бағалайды.