MEDRESE.KZ Жаңалықтар Келелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

Өзінің жүріп өткен өнегелі өміріменен шәкірттер арасында бөлісіп жарасымды сұхбат өткізді. Білім алудың қаншалықты маңызды екенін, және де сол жолда бірнеше қиыншылықтарға төзім еткенде ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін болатындығын айтып өтті. Биылғы бітіруші түлектерге қаншама аудан, ауылдарда білікті кадрлардың тапшы екендігіне байланысты алған білімдеріне сай қызмет атқаруларын ұсынды. Ал, оқуды жалғастырып үлкен белестерді бағындырмақшы болған ілім ізденушілерге жол сілтеп жәрдем беруге дайын екендігін тілге тиек етті. Сөз соңын «Кімде-кім Алла разылығы үшін білім алып қызмет қылатын болса, екі дүниеде жүзі жарық құлдардан болады» — деп аяқтады.

Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі 

www.medrese.kz

 

IMG_5134IMG_5126

Related Post

Каскадёрлерден кем емесКаскадёрлерден кем емес

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес, Сарыағаш ауданындағы білім беру мекемелерінің 60 мектеп, 4 колледжден 800-ге жуық оқушы алғашқы әскери дайындық пәні бойынша 5 күндік оқу-дала жиынына

Еркін күрестен облыстық ашық турнирЕркін күрестен облыстық ашық турнир

Өткен апта соңында «Сарыағаш медресесінде» 1996 жылдан бастау алған «Еркін күрестен» облыстық ашық турнир болып өтті. Турнирге ОҚО аудандарымен Алматы, Тараз қалаларынан ТМД елдерінен Азербайжан республикасынан да балуандар жиналып 23-24