Бір күні мешітте шәкірттерімен бір мәселені талқылап отырған ғұлама, дәрісіне үзіліс беріп,шәкірттеріне тынығып алыңдар дейді. Сол кезде мешітке үнемі келіп, жұрттан көрген намазын оқып , біресе жығылып, біресе жығылып, біресе тұрып күбірлеп жүретін есі басы кемістеу жігітті көзі шалған ғұлама қасына шақырып әңгімеге тартады :

— Сен бізге айта қойшы, Сәху сәжде деген не?- деп сұрайды.

Сонда әлгі жігіт:

— Сіздің саху сәждеңізбе , әлде өзімнің саху сәждемді ме? – дегенде ғұлама іштей, мен білетін саху сәжде біреу,мынау тағы не нәрсе айтпақшы өзі, деп таңырқап тұрады да:

— Жарайды алдымен менікін айт, сосын өзіңдікін айтарсың – дейді.

— Сіздің саху сәждеңіз намазда жаңылғанда екі рет қосымша сәжде. Мысалы , намаздың парызын кешіктіргенде, яки бір уәжіпті ұмытып тәрк еткенде намаздың соңында қателесу сәждесін жасайсыз. Ал менің саху сәждем: Мен қай кезде Аллаһты ұмытсам , сол кезде «жаңылғаным үшін кешіре гөр» деп сәждеге жығыламын, — деп жауап бергенде әлгі ғұлама жігіттің жауабына таң қалып , қанша нәрсе білсе де өзінен төмен санап жүрген өмірлік үлкен сабақ алып үйренері көп екенін түсінген екен.