Бүгін Мәскеу қаласының Мұсылмандары діни басқармасы, Мәскеу ислами колледжі және Сарыағаш медресе колледжі арасында үш жақтама кездесу болып өтті. Кездесуге Сарыағаш медресе колледжі директоры Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы, директордың иновациялық даму жөніндегі кеңесшісі Омаров Тұрар  қатысты.  Кездесу барысында колледждер арасында бірлесіп жұмыс істеу, қарым – қатынасты дамыту талқыланды.

Мәскеу Мүфтиі хазрет Ильдар Аляуитдинов кездесуді жоғары бағалап, колледждер арасындағы иновациялық дамуды Қазақстан бойынша және біздің колледжбен қарым – қатынасты нығайтқысы келетіндігін білдірді.

Мәскеу ислам коллдежінің директоры Марат Рафаильұлы, өз кезегінде бірлесе жұмыс жасау үшін меморандум бекітуге ұсыныс жасады. Меморандумдағы мақсат қос колледж ұстаздары арасындағы біліктілікті арттырып, тәжрибе алмасу.