MEDRESE.KZ Жаңалықтар Дәретті бұзатын амалдар

Дәретті бұзатын амалдар

С: Кіші дәрет қашан бұзылады?

Ж: Дәрет мынандай әрекеттерге жол бергенде бұзылады. Оларды дәретті бұзатын амалдар дейді.

  1. Екі нәжіс жолдың бірінен шыққан нәрсе;
  2. Денеден шыққан қан, ірің және сары су егер денеге жайылса;
  3. Ауыз толтыра құсу;
  4. Жанбастап ұйықтау;
  5. Сүйеніп ұйықтау;
  6. Ақылдан айырылу;
  7. Есінен тану;
  8. Сәждемен рукуғта тұратын намазда даусын шығарып күлу. Осы амалдардың бірін істеген адам, қайта дәрет алған соң намаз оқуы керек.

Related Post