MEDRESE.KZ Жаңалықтар Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.

ездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айына орай еліміздің барша мұсылмандарына ізгі тілегін жолдады.

Мемлекет басшысына Рамазан айында еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралар жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда дәстүрлі ислам дінін кеңінен дәріптеу және ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Діни басқарма осы жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Оның аясында жыл бойы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтты.

Related Post

Түркістан облысында аттестаттау басталдыТүркістан облысында аттестаттау басталды

Биылғы сараптаудан өткізудің тәсілі бұрынғысынан өзгерек. Алып-қашпа әңгімеден аулақ болу үшін дін қызметкерлерінің білім деңгейін таразылауда ашықтықты қалыптастыру қолға алынды. Яки, бұдан былай тест электронды түрде тапсырылады.

📌📣2023 жылдың 21-желтоқсанында Сарыағаш медресе колледжінде №2 әдістемелік кеңес болып өтті.🎥Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅📌📣2023 жылдың 21-желтоқсанында Сарыағаш медресе колледжінде №2 әдістемелік кеңес болып өтті.🎥Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅

1️⃣📋Семинарға оқу орнымыздың 50ге жуық оқытушылары қатысты. 👥Семинар директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қалмұратов Тимур Қожакелдіұлының сөзімен бастау алып,әрі қарай “Оқу әдістемелік кешен және оқытушы портфолиосы” жайлы ой өрбіді.2️⃣📋Әрі қарай,кәсіптік