Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!

15-16 наурыз күндер аралығында Елордадағы Астана медресе-колледжінде «Модульдік-құзіреттік тәсіл негізінде, кәсіби мамандарды даярлау» тақырыбында «Дінтану және теология» бейіні бойынша республикалық семинар-кеңеске колледжіміздің білікті мамандыры Жакипов Жүсіпхан, Қалмұратов Темур қатысты. ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі өткізген семинар-кеңесте білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында кадрлар даярлаудың өзекті міндеттері айқындалып, тәжірибе алмасу, модульдік-құзіреттілік тәсіл негізінде кәсіби мамандар даярлау жолдары талқыланды.