«Алты Алаштың ұлдары қосылса, төр мұғалімдікі». Бұл туралы өткен ғасырда Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев айтқан болатын.  Бұл абыройлы кәсіп иелерінің қазіргі жағдайы қандай? Бұл сұрақтың жауабы – «Педагог мәртебесі» туралы заңнын еліміздің заңнамасындағы орын алуында. Қоғамдағы педагог мәртебесін білу үшін арнайы «педагог мәртебесі» жайындағы заңға назар аудармасқа болмас. Бүгінде ұстаз мәртебесіне рухани жағынан да, құқықтық жағынан да ерекше мән берілуде. Ал мұғалімге қойылатын талаптар жоғары. Өркениетті ел өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеп отырғандарға үлкен құрметпен қарайды. Дамыған елдер қатары біздің елде мұндай құрметті назардан тыс қалдырған жоқ.Сондықтан тәуелсіз Қазақстанда ұстаздарға деген құрмет жыл сайын артып келеді деп сеніммен айта аламын. Соның бір дәлелі – биылғы жылы күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» заң. Бұл кемел келешектің бастамасы десек болады.

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 4-бабына сәйкес педагогтың кәсіби қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ерекше мәртебесі танылады. Заң мұғалімнің этикасын, оның кәсіби қызметін жүзеге асыру құқықтарын, мұғалімді материалдық және материалдық емес қамтамасыз етуді және т.б. қамтылған мәселелер. Мұғалімнің мәртебесін анықтайтын факторлардың тағы бірі – шәкірттің алған білімі, жетістігі, өмірдегі кейбір ұстанымы десек қателеспеспіз.

Ұстазға құрмет — Білімге құрмет. Тарихтағы ең зиялы адамдар ұстазын қашанда ерекше құрметтеп, еске алатыны белгілі. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Шәкәрім Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды ұстаз деп ілтипатпен атаған. Олар өмірдегі үлкен жетістіктері үшін ұстаздарын пір тұтқан. Мысалы, Ескендір Зұл-Қарнайн ұстазына: «Әкемнен өмірді алсам, ұстазымнан сол өмірге керектінің бәрін алдым», – деген. Сондықтан ұстазды құрметтеу – адамдық парыз. Біздің басты құндылығымыз – адам. Ал, адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан  болады. Дамыған жиырма бірінші ғасырда ойлап табылмаған дүние аз. Алысты жақындататын көлік, аспанға қалықтап ұшатын ұшақ, тіпті алыс туысыңныңда жүзін көріп жағдай білісе алатын бейне хабарламалар шықты. Ол аз десеңіз бір ғана тетікпен басқаралатын смарт үйлердің де шығып жатқанын айта аламыз. Әр жаңашылдықтың артында бір үйретуші ұстазы бар екені айдан анық. Ел, заман қанша  дамыса да ұстазбен шәкірттің бір жерде отырып дәріс түсіндіруі, қаламды алып жазып, сызып өтілетін дәріс барысы өзгере қойған жоқ. Бізден Аристотельде, Ибн Сина да қалай ұстазымен дәріс өткен болса, әлі күнге дейін Ұлы адамдардың ұстазымен бізден алдыңғылар секілді дәріс өтуі ұстаздың мәртебесінің биіктігін көрсетеді. Бұл қай кездеде қоғамның ұстазға мұқтаж екендігін аңғартады. Әсілі,мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар.»Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы” Қай заманда да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші. Өмірдің кез-келген заман ағымына орай жаңа өрімдер, тың ойлар соңы бағдарламаларға ұласып, көрініс тауып жатады. Педагог білім беру кезеңінде оқушының өмірін анықтауда тек ақпарат беруші ғана емес, сенімді серіктесі де болфп табылады.. Қазіргі оқу үрдісі оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа, түсіністік пен сыйластыққа негізделіп, оқушы миссиясын дамытуға бағытталуы керек. Жаңа педагогикалық технологиялар адамның ойлау жүйесін қалыптастыруға, оны әртүрлі жағдайларда нақты шешім қабылдауға, өз пікірі мен пікірін айтуға, іс-әрекетін бағалауға үйретуге бағытталған. Көрнекті қазақ педагогы Ы.Алтынсарин «Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогикалық құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтарыда, әбден мұқият түрде жүргізілген инспектор бақылауыда оқытушыға тең келе алмайды» деп педагогтың қоғамдағы мәртебесін айтқан. Қазір бұл мәртебе төмендеген жоқ. Қайта ғылыми техникалық прогреске сәйкес оқушыларға терең білім беру, халқымыздың салт-дәстүрін дұрыс насихаттау, ұлттық құндылықтарды үйрету, имандылыққа сай тәрбие беру заманында педагогтарға қажеттілік артуда.

Сарыағаш медресе колледжінің

Арнайы пән оқытушысы Ф.С.Аюпова