ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы медресе шәкірттеріне ұстазға құрмет көрсету жайында уағыз айтып, ұстаз дәрежесінің биіктігіне қатысты аят, хадистермен дәлелдер келтірді.

Ислам дінінде ілім үйретуші ұстаздың орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету — ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептелген. Қасиетті Құранда: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят), — делініп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, хадистерде де ілім үйретушіні әрдайым сыйлап, құрметтеу керектігі ескертілген.

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде:

«Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар» Хайсами