ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы медресе-колледж ұстаздарына ұстаздық жолындағы жауапкершілік, шәкірт пен ұстаз арасындағы байланыс жайлы саралы сөз айтып, хадистерден мысал келтірді. Ұстаздық шындықты сүюмен тікелей байланысты мамандық. Егер ұстаз болам десең, алдымен адамды сүйе біл. Ұстаздық — махаббаттан бастау алатын ардақты іс. Адамды сүю дегеніміз — әр бір жан иесін, ол кім болсада, мейлі жақсы, мейлі жаман бәрін сүю дегендік емес, жалпы адам баласы үшін  игілік жарату дегендік. Ал бұл игілікті ғылым мен білім иесі ғана жасай алады. Ондай адамды тәрбиелейтін ол — ұзтаз. Алайда, шындықты айту да, әділдікті жақтау да айтуға оңай болғанымен істеу қиын дүние. Егер оны істей алсаңыз онда адамды құрметтеуге, бағалауға, ардақтауға қадам бастым дей беріңіз. Көз алдымызда отырған әрбір шәкіртіміздің дара қасиетін бағалау, олардың бойындағы кемшіліктерін кешіріп, жақсылықтарын асыру,  ізгілікке бастай білу адамға деген құрметтен басталады.